2019 жылғы 27 сәуірден – 8 мамыр аралығында «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен қаламыздың мектептерінің территориясында «Жас Ұлан» ББЖҰ мүшелерінің қатысуымен «Таза қала» акциясы өтті.
Дана халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Қоршаған ортаны аялап, таза ұстау әр адамның парызы.
Олай болса, бұл шараның басты мақсаты табиғи ортаны ластанбауына адамдардың терең түсінігін қалыптастырып, біз қоршаған ортаны қорғаймыз десек, бүгіннен бастап жасөспірімдерге экологиялық тәрбиені насихаттағанымыз дұрыс.
Бұл акцияға қаламыздың №3 ЖББОМ, №6 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №10 ЖББОМ, №14 мектеп – лицей, №15ҚМГ, №17ЖББОМ, №21ЖББОМ,
№ 23, №27 ЖББОМ, №2 ЖББОМ, №31 ЖББОМ оқушылары белсене қатысты, барлық атсалысқан «Жас Ұлан» ББЖҰ мүшелеріне алғысымыз шексіз.
Табиғат адамның өмір сүруінің табиғи жағдайы ғана емес, оның өзгертушілік іс-әрекетінің кеңістігі, ортасы екенін біздің балаларымыз түсініп, қаламыздың ластануына жол бермей, үнемі экологиялық тазалықпен күресу әр адамның парызы екенін айтып өтті.
«Таза қала» акцияныңа белсене атсалысқан мектептердің оқушылары мадақтама қағаздарымен марапатталды. Оқушыларды акцияға дайындаған тәлімгерлерге де ризашылық пен алғыс айтылды.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.