Теміртау қаласының «Әлем »Балалар-жасөспірімдер орталығы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Республикамыздың биік құндылықтары» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында адамгершілік, рухани құндылықтар мен патриотттық сезім қалыптастыру. Талантты жас дарындарды анықтау. Елінің рәміздерін, жетістіктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын айтумен басталды. Байқау барысында оқушыларға «Біздің еліміздің мемлекеттік рәміздері» тақырыбына арналған бейнеролик көрсетілді.
Бұл бейнероликтің негізгі идеясы – мемлекеттік рәміздердің мемлекеттің мызғымас негізі және атрибуттар ретіндегі мазмұнын ашу, сондай-ақ шығу тарихын баяндау.
Байқауға қала мектептеріндегі сауықтыру алаңында демалып жатқан 31 бала қатысып, бағын сынады.
Жас суретшілер «Республикамыздың биік құндылықтары», «Бірлік пен үміттің нышаны», «Менің Отаным-Қазақстан», «Бір шаңырақ астында», «Мен бақытты баламын» тақырыптарында суреттер салды.
Балалардың суретін таразылаған қазылар алқасы үміткерлердің жас ерекшелігі мен талабын, идеялық ерекшелігін ескере отырып, ең үздік деп жеті жұмысты таңдап алды. Олар 6-7 жас аралығында қатысқан №1 ЖББОМ оқушылары Токмина Алена, Шляхова Таисия, 8-9 жас аралығында қатысқан №24 ЖББОМ оқушысы Иванова Людмила, №17 ЖББОМ оқушысы Полосухина Арина, 10-12 жас аралығында қатысқан №19 ЖББОМ оқушысы Обуховская Анастасия, № 27 ЖББОМ оқушысы Самборская Ирина, №17 ЖББОМ оқушысы Красноперова Валерия.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен барлық қытысушыларға мадақтамалар және сыйлықтар табысталды.
Балаларды дайындаған жетекші мұғалімдердің де еңбектері ескеріліп, алғыс хатпен марапатталды.
Халық шығармашылығы және қазақ тілін насихаттау мен дамыту жөніндегі әдіскер Ботагөз Толеубаевна Бельгибаева