2016 жылдың 25 қарашасында Теміртау қаласының «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының «Мирас» ансамблінің тәрбиеленушілері Қарағанды қаласында өткен байқауға қатысты. Аталған шара «Тәуелсіздікке 25 жыл» аясында Шахтер стадионының ұйымдастыруымен өтті. Байқауда облыстың түпкір –түпкірінен 300 шақты бала өнер көрсетті.
Ансамбльдің жас әншілері: Меней Жұлдыз италян әнімен ІІІ орын, Мағауина Ақниет ағылшын әнімен ІІ орын, Нүриден Назар қазақ әнімен ІІ орынды иеленіп, әрқайсысы диплом мен медаль алып қайтты.
Балаларды дайындаған осы үйірменің педагогтері Құралай Жүнісқызы Шаймерденова мен Қаламқас Бауыржанқызы Әбдірахман.
«Мирас» ансамблінің жетекшісі: Қ.Б. Әбдірахман