«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының  қатарына қабылдау рәсімі

 

2016 жылғы 6 желтоқсан күні «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне қарсаңында қаламыздың мектеп оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатырына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

«Жас Ұлан» ұйымының балалары алға, парасаттылықпен болашаққа самға» деген ерекше ұранмен қаламыздағы №8 ЖББОМ пен №16 ЖББОМ 49 бастауыш сынып оқушысы «Жас Қыран» ұйымының қатарына қабылданды. Сонымен қатар «Жас Ұлан» ұйымына қала мектептерінен: «№1ЖББОМ, №3ЖББОМ, №4ЖББОМ, №5ЖББОМ, №6 ЖББОМ, №7 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №9 мектеп – лицейі және №10 ЖББОМ, №11ЖББОМ, №14 мектеп – лицейі, №16 ЖББОМ, №20 мектеп – лицейі, №23ЖББОМ, №29 ЖББОМ, №1 гимназияның оқушылары қабылданды. Қала бойынша «Жас Ұлан» ұймының қатары 229 оқушымен толықты.

Мерекелік іс – шараға арнайы қонақтар қатысты. Олар қаламыздың еңбек ардагері, педагог Линькова Татьяна Павловна, Лущинская Тамара Григорьевна, Афонина Зоя Алексеевна және «Әлем» балалар – жасөпірімдер орталығы директорының орынбасары Рахманенко С.И. мен халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Бельгибаева Б.Т. Қонақтар қаламыздың №14 мектеп – лицейі мен №2 ЖББОМ «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелерімен бірлесіп, «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымының қатарына қосылған оқушыларды құттықтап, төс белгісін тағып, галстук байлау рәсімін өткізді.

Салтанатты іс – шарада «Мирас» вокалды – аспаптар ансамбілінің тәрбиеленушілері және «Бэби шлягер» үлгілі балалар эстрадалық студиясы мен «Балдәурен» вокал тобының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілін көтеріп, көптің қошеметіне кенелді. Аталған іс-шараны «Керемет» әдеби студиясының тәрбиеленушілері мен жетекшісі Мамитова Б.К. жүргізді.

Салтанатты шара «Туған Отанымызды мақтаныш етумен бірге, оның мақтан тұтар ұландары болуға ұмтылу – сіздердің перзенттік парызыңыз» – деген елбасының сөзімен аяқталды.

Бүгінгі «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қосылған оқушыларға

тілеріміз еліміздің еңселі де білімді азаматтары мен азаматшалары болыңыздар!

Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.