18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні

18 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні

«Әлем» БШЖО «Талапкер» тіл дамыту орталығында 19 наурыз – «Шымырлық – шеберлік күніне орай қазақ халқының ұлттық ойыны өтті.
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы деп аталады.
«Талапкер» тіл дамыту орталығында асық ойынының екі – үш түрі ойнатылды. Атап айтсақ: «Асық ату», «Ханталапай», «Иірмекіл».
Тәрбиеленушілерімізге асық ойынының осы түрлері өте ұнады.
Бұл ойын түрлері денсаулыққа өте пайдалы және балалар дене қимыл- қозғалыс арқылы шынығып, шымыр болады.