«Алып анадан туады» демей ме дана халқым… Сол себепті де «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының «Керемет» әдеби студиясының Аналар мейрамы қарсаңындағы «Мереке күніңмен!» атты ән мен әзіл кеші «Батырлары елімнің» әнімен басталды. Рухты көтеретін әсем әуен көрермендерді тарихпен таныстырып өткендей. Себебі, Қазақ елін жаудан қорғаған барлық батыр ұл-қызымыздың есімі осы әнде аталды. Кеш одан әрі әдемі әуен, сырлы би және керемет әзілдермен өрбіді.Республикалық танымал театрлардың скетчтері сахналанды. Жайдарманшыларымыз да қарап қалмады. Мереке барысында мәні мен мағынасы қатар өрілген тамаша әзілдер көрерменге еріксіз қол соқтырды. Ата-аналарға арналған ән мен әзіл кеші 4-наурыз күні «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының қонақ бөлмесінде өтті. Келген көрермендерге «Керемет» әдеби студиясының тәрбиеленушілері әсерлі кеш сыйлағаны сөзсіз.Қолдап келген ата-ананы да, бауырды да, досты да аталмыш кеш дән риза қылды.
«Керемет» әдеби студиясының жетекшісі- Баян Кенжебаевна Мамитова