2020 жылдың 30 қаңтарында «Мирас» вокалдық аспаптық ансамблінің педагогі Кайрашова Рая Сайидахметовна ашық сабақ өткізді. Педагог күй жанрлары мен оның авторларын таныстыра отырып, оны тәжірибеде қолдану дағдыларын білім алушының бойына дарыта білді. Күйлерді үнтаспадан тыңдатып, балалардың музыкалық білімдерін кеңейтіп, өнерге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, рухани адамгершілік қасиеттерін де қалыптастыруға бағыт салды. Тәрбиеленушілер күйлерді тыңдай отырып педагогтың бақылауы және көмегімен шығармаларды аспапта орындай білді. Сабақ тартымды, жоғары дәрежеде өтті.