Қазіргі көптеген балалар блогер болуды армандайды, бірақ неден бастау керектігін білетіндер аз. Біздің үйірмеге 12-16 жас аралығындағы талантты және креативті ұлдар мен қыздар қатысады. Тәрбиеленушілер сабақтарымызда блог құрудың негіздері мен құралдарын үйренеді.
Бірінші сабақтарда тәрбиеленушілер қауіпсіздік техникасымен танысты, сауалнамаларды толтырды, жас блогердің глоссарийін зерттеді, топтар бойынша жұмыс істей отырып, сабақтарда болашақта іске асыру үшін жарнамалық роликтің сценарийін жасады. Алда оларды блог жүргізудің қызықты әлемі күтеді.