2016 жылғы 18 ақпанда «Әлем » балалар-жасөспірімдер орталығында Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында «Зерде» зияткерлік сайысы өтті.
Жас жеткіншектердің елінің тарихына, тіліне, рәміздеріне деген құрметін арттыруды мақсат еткен сайыста, оқушыларға өз білім деңгейін, танымдығын, тапқырлығын, ойының ұшқырлығын , үш тілді (қазақ,орыс,ағылшын) қаншалықты меңгергендігін көрсетуге мүмкіндік туды.
Үй тапсырмасы бойынша « Қазақстан – мәңгілік ел» тақырыбына эссе жазып келу болатын. Бұл тапсырмаға «№ 8 ЖББОМ» КММ оқушысы Айкеева Дана, «№2 ЖББОМ» КММ оқушысы Орынбасарова Ақмарал және «№5 ҚОМ» КММ оқушысы Мағауова Айым өте жоғары деңгейде дайындалып келгендері байқалды.
Аталмыш сайыста «№ 2 ЖББОМ» КММ, «№3 ЖББОМ» КММ, «№4 ЖББОМ» КММ, «№5 ҚОМ»КММ, «№8 ЖББОМ» КММ, «№10 ЖББОМ» КММ, «№15 ҚМГ» КММ, «№29 ЖББОМ» КММ, «Әйелдер гимназиясы» КММ білім құмар оқушылары бақ сынасты.
Сайыстың жеңімпаздарын анықтауда мәдениет және тілдерді дамыту орталығының маманы Рымгалиева Құралай Рымгалиқызы, «Мирас» колледжі директорының оқу- өндірістік ісі бойынша орынбасары Бақтыбаева Күлайша Жанаевна, «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының балалар мен жасөспірімдер жөніндегі әдіскері Күнтуған Гүлжан төрелік жасады.
Әділқазылар шешімі бойынша «Бас жүлдені» Мағауова Айым ( «№5 ҚОМ»КММ) , І орынды Орынбасарова Ақмарал (« №2 ЖББОМ» КММ ), ІІ орынды Ерболат Әсемгүл («№29 ЖББОМ» КММ) мен Айкеева Дана («№ 8 ЖББОМ» КММ), ІІІ орынды Шакирова Анна ( «№3ЖББОМ»КММ) мен Пралиева Аружан (« № 15ҚМГ» КММ) иеленді.
Шара соңында оқушыларға және сайысқа оқушыларды дайындаған мұғалімдерге мадақтама қағаздары берілді.
Теміртау қаласының «Әлем» БЖО МКҚК-ның халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскері: Б.Т.Бельгибаева.