«Ел Тәуелсіздігінің тарихы» –  тұрақтылықтың негізі

 

      Қазақстан   Республикасы  Тәуелсіздігінің  25 жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында  «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы» МКҚК- ның «25 күн –Тәуелсіздіктің 25 жетістігі» жұмыс жоспары бойынша «Керемет» әдебиет студиясында 30-қараша Ұлттық тарих күніне байланысты «Ел Тәуелсіздігінің тарихы» атты сұхбат сабақ болып өтті. Сабаққа 10-16 жас аралығындағы 12  бала  қатысты.

        Биыл Тәуелсіз еліміз 25 жасқа толып отыр.Осы 25 жыл ішінде жеткен жетістіктеріміз аз емес…Шыққан биіктеріміз, алған асуларымыз жетерлік. Ел амандығы, тыныштығы – саясатымыздың басты пункті.

     Тәуелсіздік тарихын парақтайтын болсақ, мемлекетіміздің идеологиясының негізі  – бірлік, ынтымақ, татулық екенін әр көкірегі ояу азамат түсінері сөзсіз… Бейбіт ел тарихы да өзгеше емес пе?!..     «Керемет» әдебиет студиясының тәрбиеленушілерімен өткізілген сұхбат –әңгіменің де арқауы осы-өзгеше тарих. «Ел Тәуелсіздігінің тарихы» деп аталған сұхбат сабақта тәрбиеленушілер де өз белсенділіктерін көрсетті.

      Сұхбат сабақ  төрт бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Тарихты білесің бе?» деп аталды. Осы кезеңде балалар викториналық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, мемлекет тарихын жақсы білетіндерін дәлелдеді.

       «Ел ертеңінің тұрақтылығы мен мықтылығы» деген ойтолғау бөлімінде тәрбиеленушілер екі топқа бөлініп жұмыс жасады. Өз пікірлерін ортаға салып, шешендік өнерлерімен бөлісті. «Тәуелсіздік тірегі» деген бөлімде «Мемлекет бірлігі-халықтар достығы» екенінің дәлелі ретінде  қойылған түрлі халықтың музыка ырғағына қосылып, сол халықтың биінің элементтерін көрсетті. «Тәуелсіздік жырлансын» бөлімінде Ел, Отан, Тәуелсіздік тақырыбында жазған ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, «Атамекен», «Казақ елі осындай», «Қазақтай ел қайда», «Елім менің» әндерін балалар ұстазбен қосылып шырқады.

       Сұхбат сабақтан тәрбиеленушілердің алған әсері мол. Балалар Отанымыздың нағыз патриоттары, жанашырлары, ертеңі екенін өздерінің білімі, өнерге, мәдениетке деген құштарлықтары арқылы дәлелдеді. Ел тарихын біліп – насихаттап өсіп келе жатқан ұрпақ бары әрқашан да қуантарлық жайт…

                            «Керемет» әдебиет студиясының жетекшісі Б.К. Мамитова