2017 жылдың 15 наурызында «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында «Жас көшбасшылар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Людмила Николаевна Аникина «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының аға тәлімгерлерлеріне арнайы «Әлеуметтік жобалау» атты семинар – тренинг өткізді.
Бұл семинар – тренинг нақты шешімін табуға бағытталған әлеуметтік мәселелерге жұрттың назарын аудара отырып, нақты бір бағытта көпшілікпен қалай жұмыс жүргізуге болатынын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар – тренингтің өту барысында ең алдымен тәлімгерлермен «Көңіл күй алмасу» атты жаттығу ұйымдастырылып, әрі қарай «Мүсінші мен ермексаз», «Жұлдыз» атты жаттығулармен жалғасты. Сонымен қатар «Жобаны қалай жазуға болады?» атты шағын дәріс оқылды. Әр мектептен келген тәлімгерлерді шағын топқа бөліп «Жоба жазу» тәжірибесін өткізді. Осы жоба жазу тәжірибесінда «Таза қала» атты шарада туындайтын негізгі мәселелерді талқылап, қоғаммен қалай жұмыс жүргізуге болатынын әр топқа жеке – жеке түсіндірді.
Семинар – тренингтен мектеп тәлімгерлері өздеріне жаңа мағлұматтар алып, өз пікірлерімен бөлісіп, ерекше бір әсерге бөленді.
«Адамның өмірінде білетін сияқты білмейтін істері көп» – дегендей осындай тәжірибе алмасуға бағытталған шараның маңыздылығы өте зор екендігін айтып мектеп тәлімгерлері өз ойларымен бөлісті.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.