2017 жылғы 23 қарашада «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 1 – желтоқсан Ұлт Көшбасшысы тұңғыш президент күніне орай Теміртау қаласының «Жас Ұлан» БЖҰ мүшелерінің арасында «Баспасөз – конференция» атты іскерлік ойын өтті.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Олай болса, бұл іскерлік ойынға қала бойынша он екі мектептің оқушылары белсене қатысты. Атап өтсек, «№1ЖББОМ» КММ, «№2ЖББОМ» КММ, «№4ЖББОМ» КММ, Ғабидан Мустафин атындағы «№5ҚОМ» КММ, «№6ЖББОМ» КММ, «№8ЖББОМ» КММ, «№15ҚМГ» КММ, «№17ЖББОМ» КММ, «№19ЖББОМ» КММ, «№1ЖББОМ» КММ, «№29 ЖББОМ» КММ, «№1қалалық гимназия»КММ.
Бұл іскерлік ойынның бірінші бөлімі сұхбаттасу кезеңінің қадірлі қонағы «Әлем» балалар – жасөпірімдер орталығы директорының орынбасары Рахманенко Светлана Ивановна балалардың қойған сұрақтарының бәріне жеке – жеке тоқталып, толығымен жауап беріп, сырласу кештің ерекше бір сырын ашты.
«Жас Ұлан» ұйымының мүшелері де жан – жақты дайындалып, қоғамдағы басты мәселелерді көшбасшы ретінде шеше алатындарын көрсетіп, өз сұрақтарын қойды.
«Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір» – дейді дана халқымыз. Іскерлік ойынның екінші кезеңінде әр мектептен келген оқушылар төрт топқа бөлініп, белгілі бір тақырыптарды таңдап алып жоба дайындап, қорғады. Бұл іскерлік ойында қоғамның басты мәселесі қаламыздың экологиясы және денсаулық, спорт салалары жан – жақты талқыланды. Әр бала өзін көшбасшы ретінде осы мәселені болашақта қалай шешетінін, қандай жолдар қарастыратынын және сонымен қатар өзінің арманын, өзінің пікірін ерекше бір әсерге бөленіп, ортаға сала білді.
Осы іскерлік ойын мәңгілік ел болудағы рухани жаңғырудың маңыздылығы, ұлттық сананы жаңғыртудағы жастардың рөлінің маңызды екенін дәлелдей түсті. Кештің соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Біз тірегі биік, тәуелсіз ел ұланындарына тек ғана биіктерді бағындыратын, елім дейтін еңселі ұл мен қыз болсын деп сәттілік тілейміз!
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.