Ана – өмірдің шуағы!

2018 жылдың  15 ақпаны 6 наурызы аралығында «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында  «Ана – өмірдің  шуағы» атты шығарма байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдерге әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы  насихаттай отырып, оқушылардың ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

«Ана – әрбір отбасындағы … бірінші сөз» –  дейді  дана хлықымыз. Олай болса, бұл байқауға Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мектептерінің «Жас Ұлан» ұйымы мен «Жас Қыран» ұйымының  мүшелерінен  35 оқушы белсене ат салысты.

«Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады» – деп   дана бабаларымыз  айтқандай бұл байқауға қатысқан әр баланың анаға  деген махаббатының зор екендігі байқалды. Анасыз – өмірдің мәні мағынасы жоқ екенін әр баланың жүрегіннен шыққан сөздер дәлелдеді. Байқауға арнай  әділ – қазылар тағайындалды. Әр қатысушының шығармаларын талқылап, әділ бағалар қойылды.

Дүниеде  ана  махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.

Олай болса,  бұл байқаудың қорытындысында І орынды  «№17 ЖББОМ» КММ  11 сынып оқушысы Меней Жұлдыз және «№28 ЖББОМ» КММ 6 «А» сынып оқушысы Газецкая Диана  жеңіп алды.  ІІ орынды  «№4 ЖББОМ» КММ  5 «Ә» сынып оқушысы Асан Ақбота, «№29 ЖББОМ» КММ  9 «А» сынып оқушысы  Мейрамбек Еркебұлан,  «№8 ЖББОМ» КММ 8 «Б» сынып оқушысы Сапабекова Айгерим, «№14 мектеп – лицейі» КММ 9 сынып оқушысы Тё Софья,  «№20 мектеп – лицейі» КММ  6 «В» сынып оқушысы Мелсов Диас,«Әйелдер гимназиясы» КММ 6 сынып оқушысы Катаева Виктория, «№19 ЖББОМ» КММ 6 «А» сынып оқушысы  Ким Дарья иеленді. Сонымен қатар «Жас Қыран» ұйымының мүшелерінен ІІ орынды  «№28 ЖББОМ» КММ 4 «А» сынып оқушысы Тетюшина Анастасия мен Сурма Роман қанжығалады.  Ал  ІІІ орынға  «№19 ЖББОМ» КММ 7 «Б» сынып оқушысы  Свобода Елизавета , «№20 мектеп – лицейі» КММ  6 «В» сынып оқушысы Шеранов Тұрар, «№1 қалалық гимназия» КММ  7 сынып оқушысы  Ким Екатерина, «№2 ЖББОМ» КММ 5 «В» оқушысы Бекен Айжан  ие болды.

Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя болып саналады. Аналарымыз аман болсын, балаларымыздың жүрегі жырға толсын!

Байқауға қатысқан барлық оқушылар «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ мен «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтау  қағаздарымен марапатталды.

  Балалар  мен  жастар  қозғалысы  жөніндегі  әдіскер:  Кунтуган К.


            Ана

 Кішкентайдан мәпелеп,жетілдірген,
Ана – деген ұлағатты есіміңнен.
Балалықпен біршама ренжітсем де,
Жүрегіңде ренішсіз,кешірілген.

Уайымдатып ауыртпалық салмайықшы,
Аналардың үміттерін жалғайықшы.
Жұмсақ мінез,ақ жаулықты аналарды,
Құр сөзбенен ренжітіп алмайықшы.

Әрқашанда жанымнан табылатын,
Ұрынсақ,сары уайымға салынатын.
Адалым,анашымды жақсы көрем,
Сәл ғана ұзай қалсам,сағынатын.

Жүрегінде не бір уайым болғанымен,
жүрек гүлі әлсіреп,солғанымен.
Ешбірін білдірмейді перзентіне,
Шыдамы шекара асып,толғанымен.

Жүрегінде иманы бар аналардың,
жас кезіңде талай оны жараладың.
Ей,адамдар,аналарды бағалаңдар,
Анадан артық болып саналар кім?!

Бәрібір қандай міндет атқарасың,
Ананың сөздерінен бақ табасың.
Аппақ сүтін анаңның ей бауырым,
Меккеге апарсаңда ақтамассың!!!

Теміртау қаласы
№ 17жалпы білім беретін
орта мектебнің «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі
9 сынып оқушысы Меней Жұлдыз


 «Мама – Солнце жизни»

Я хочу посвятить это сочинение маме. Моя мама очень красивая. Мне очень нравиться ее смех и то, как она поет. Я люблю, когда у нее хорошее настроение, мы можем с ней беседовать часами на разные темы. Мама – самый дорогой человек в моей жизни! Если мне на душе плохо, то первая из всех это замечает мама. Она меня выслушает, обнимет, утешит добрым словом, и мне сразу становится светло на душе. Она своей любовью сразу разгоняет все тучи надо мной.
Очень люблю лепить с ней пельмени. Во время лепки я ей рассказываю, как обстоят дела в школе. Зачастую мама приходит с работы усталая. Чтобы поднять ей настроение, я навожу порядок в квартире и готовлю с сестрой ей ужин.
Я понимаю, что маме тяжело растить меня, сестру и брата, поэтому всячески стараюсь порадовать ее своими достижениями в школе, своими поделками.
Еще мне вспоминается один эпизод, когда мы летом ездили с мамой на речку. Я была ошарашена! Моя мама оказывается, умеет ловить рыбу! Мы расстелили большое покрывало на траве, мама выложила всякую вкуснятину на него, и мы пировали на свежем воздухе, при этом громко смеясь.
Недавно мама меня отвела на работу, и я увидела, чем мама там занимается, узнала, что она изготовляет макеты, для будущих деталей. Это очень захватывающее зрелище!
Маму на работе все очень уважают за ее трудолюбие. Мне было приятно, когда работники говорили, что у меня классная мама.
Я горжусь своей мамой, и хочу, чтобы она прожила красивую, счастливую и насыщенную добротой жизнь, до глубокой старости и рядом со мной!

                                                                                               Газецкая Диана
КГУ «ОСШ №28 г.Темиртау»
6 «А» класс член отряд «Жас Ұлан»