READх конференция «Үш бәйтерек – үш ғұмыр»

«Әлем» балалиар мен жасөспірімдер орталығында,«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қала мектептері мен Ақтау кентінің 8-11 сынып оқушыларының арасында қалалық READх конференциясы өтті.
Конференцияға «№15 ҚМГ»КММ, «БТКЛ»КММ, «№6 ЖББОМ»КММ, «№21ЖББОМ»КММ, «№10 ЖББОМ»КММ, «№1 ЖББОМ»КММ, «№11 ЖББОМ»КММ, «Әйелдер гимназиясы»КММ, «№1 ҚГ»КММ оқушылары қатысты.
Спикерлердің оқыған шығармаларын әсерлі, әрі жеткілікті етіп жеткізе алуын, ораторлық қабілеттерін «Әлем» БЖО директорының орынбасары Жунусова Динара Нуртаевна, «Талапкер» тілдер орталығының жетекшісі Кунтуган Кулшан, Орталық кітапхананың қызмет бөлімінің кітапханашысы Бердалиева Баян Жұмабековна сарапқа салды.
Әділқазылардың шешімі бойынша «Бас жүлдені» «№15ҚМГ»КММ оқушысы Баймұхан Шұғыла, І орынды «Әйелдер гимназиясы» КММ оқушысы Смирннова
Татьяна, «№15 ҚМГ» КММ оқушысы Жарылқасын Сымбат, «№10 ЖББОМ»КММ оқушысы Ибадуллаева Балжан, ІІ орынды «№1 ЖББОМ»КММ оқушысы Коркина Екатерина, «№6 ЖББОМ»КММ оқушысы Пикалова Виктория, «№21 ЖББОМ»КММ оқушысы Мусина Алем, «№21 ЖББОМ» КММ Ташкимбаева Карина, «№10 ЖББОМ» КММ оқушысы Шаданова Ақнұр, ІІІ орынды «№11 ЖББОМ»КММ оқушысы Кузьминова Дарья, «№1 ҚГ»КММ оқушысы Гаджиев Рашад, «№21 ЖББОМ»КММ Шрайманова Аружан, «БТКЛ»КММ оқушысы Присяжная Екатерина қанжығаларына байлады.
Конференцияға қатысқан барлық спикерлер мен жетекші мұғалімдерге «Теміртау қаласы білім беру бөлімі» ММ және «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер: Бельгибаева Б.Т.