Астанам – мақтанышым

Теміртау қаласының «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығындағы  «Жаз – 2015» орталығында Сарыарқа сауырынан бой түзеген, сәулеті мен дәулеті тасыған елордамыз-Астананың туған күніне орай мерекелік шара болып өтті.

«Астанам – мақтанышым» атты   концерттік бағдарламада «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығының  «Балдәурен», «Миркл», «Эдельвейс», «Бэби шлягер» шығармашылық топтарының тәрбиеленушілері көпшілікті өз өнерлерімен тәнті етті.

Өнерпаздар концерттік бағдарламаны тамашалауға келген қала мектеп алаңдарында демалып жатқан демалушылар мен олардың тәрбиешілеріне әсем әуендері, әдемі билерімен   көтеріңкі көңіл күй сыйлай білді.

Аз уақыт ішінде « Астана күні» – жалпы ұлттық сипатқа ие мерекеге, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді.

Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз.

 «Астана күні» мерекесі Отанымыздың әр отбасына зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт әкелсін деп тілейміз.

Халық шығармашылығы және қазақ тілін насихаттау мен дамыту жөніндегі әдіскер Б.Т.Бельгибаева