Астанам – мақтанышым

«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығындағы «Жаз – 2016» орталығында Сарыарқа сауырынан бой түзеген, сәулеті мен дәулеті тасыған елордамыз-Астананың туған күніне арналған мерекелік концерт болып өтті.

«Астанам – мақтанышым» атты концерттік бағдарламада «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының «Балдәурен», «Мирас», «Миркл», «Эдельвейс», «Бэби шлягер», «Антрэ» шығармашылық топтарының тәрбиеленушілері көпшілікті өз өнерлерімен тәнті етті.

Концерттік бағдарламаны қала мектеп алаңдарынының атап айтар болсақ «№4 ЖББОМ»КММ, «№5 ҚОМ»КММ, «№6 ЖББОМ»КММ, «№10 ЖББОМ»КММ, «№14 ЖББОМ»КММ, «№15 ҚМГ»КММ, «№21 ЖББОМ»КММ, «№24 ЖББОМ»КММ , «№11 ЖББОМ»КММ демалушылары келіп тамашалады.

Өнерпаздар көрермендерге әсем әуендері, әдемі билерімен мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлай білді.

Аз уақыт ішінде « Астана күні» – жалпы ұлттық сипатқа ие мерекеге, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді.

Біз Астананың қалыптасуының куәгерлері және осы ауқымды зор жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін көзбен көру бақытына ие болып келеміз.

«Астана күні» мерекесі Отанымыздың әр отбасына зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт әкелсін деп тілейміз.

 

Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді насихаттау мен дамыту жөніндегі әдіскер Б.Т.Бельгибаева