“Балдырған” тұлғаны дамыту орталығының тәрбиеленушілері үшін “Қош келдің, Жаңа жыл!” ертеңгілі өтті. Іс-шараны “Керемет” әдеби театрының тәрбиеленушілері (жет. Мамитова Б.К.) және “Балдәурен” вокал тобының тәрбиеленушілері (Хусаинова А.Х.) ұйымдастырып, балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Ертеңгіліктің өтуіне ат салысқан барлық педагогтер мен тәрбиеленушілерге алғыс айтамыз. Жаңа жыл құтты болсын.