«Біздің дарындылар» қалалық фестиваль-байқауы

2019 жылдың 24 қаңтар күні «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Жас Қыран» отрядтарының арасында «Біздің дарындылар» қалалық фестиваль-байқауы өтті. Аталмыш шараға Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің 1-4 сынып оқушылары театрлық қойылым, вокал және хореография жанры бойынша өнерлерін көрсетті. Балалар өздерінің өнерлерімен көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Сайыскерлердің өнерін сарапқа салған әділқазылар құрамында қалалық білім бөлімінің әдіскері Хамиева Қарлығаш Қайыржанқызы , «Антрэ» үлгідлі эстрадалық би ансамбілінің хореографы Булавка Светлана Георгиевна, Бэби -шлягер» үлгілі балалар эстрадалық студиясының жетекшісі Помазай Олеся Анатольевна, «Мирас» аспапты-вокалдық ансамбілінің педагогі Қайрашова Рая Сайдахметова, «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығының әдіскері Қонақбаева Ғалия Таубаевна болды. Әділқазылардың шешімімен «Бас жүлдені» театрлық қойылыммен «№21 ЖББОМ» КММ оқушылары қанжығаларына байласа, вокал жанры бойынша І орынды «№15 ҚМГ»КММ оқушысы Досболат Арайлым, ІІ орынды «№8ЖББОМ»КММ оқушысы Уралова Гулжайна, ІІІ орынды «№5 ҚОМ»КММ оқушысы Нұрсейтов Диас және «№9 МЛ»КММ оқушысы Немереұлы Абылай иеленді. Хореография жанры бойынша І орын «Әйелдер гимназиясы»КММ бишілер тобы мен «№6 ЖББОМ»КММ оқушылыры Шим Николь мен Шим Эвелинаға, ІІ орын «№20 МЛ»КММ оқушысы Алиаскарова Адия мен «БТКЛ» КММ оқушысы Султанова Алинаға , ІІІ орын «№31 ЖББОМ»КММ Гераськина Татьяна мен «№14 МЛ»КММ Гуленкова Марияға бұйырды. Сондай-ақ, байқауға қатысқан оқушыларды дайындаған мұғалімдер мен сайыскерлерге «Теміртау қаласы білім беру бөлімі» ММ және «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздары мен сыйлықтары табысталды.

Балалар мен жастар қозғалысының әдіскері Күнтуған К