Жұлдызды БУМ-2019

«Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығында жаңа оқу жылының ашылуына арналған мерекелі шара өтті. Орталықтың алаңында бірнеше жылдан бері ата-аналар, оқушылар қыркүйектің екінші жұмасының жексенбісінде жиналып, қауышу дәстүрге айналған.
Мерекеге жиналған қауымды орталықтың шығармашылық ұжымдары ән шашуларымен қарсы алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жыл сайын шығармашыл ұжымдар мен үйірмелерде 8-18 жас аралығындағы 1300-ге жуық жасөспірімдер мен балалар дәріс алады. Биылғы жылы орталықта қырыққа жуық үйірмелер жұмыс жасайды. Орталықтың тәжірибелі педагогтері балалардың өз дарындары мен шығармашылық қырларын ашуға көмек береді.
Биылғы оқу жылы «Әлем» Балалар-жасөспірімдер орталығының шығармашылық ұжымдарына табысты және жемісті болып, тәрбиеленушілері биік асуларды бағындырып, қайталанбас дарындар анықталады деген сенімдеміз.

«Әлем» БЖО КМҚК халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді насихаттау мен дамыту жөніндегі әдіскер Бельгибаева Б.Т.