Менің туған өлкем – керемет сұлу екен

«Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында 2018 жылғы 28 қыркүйектен – 5 қазанға дейінгі аралықта Теміртау қаласының туған күніне орай «Жас Қыран» ББЖО отрядының 1 – 4 сынып оқушыларының арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Мен туған өлкемді сүйемін» атты фотоконкурс өтті. Ал «Жас Ұлан» ББЖҰ отряттарының 5-9 сынып арасында «Мен туған қаламды қалай көргім келеді» атты сурет байқауы болды.
Бұл фотоконкурс пен сурет байқауының негізі мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына белсенді азаматтық көзқарастарын қалыптастыра отырып, жеткіншектерді адамгершілікке және өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.
Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі көркем де бейнелі рухани қазынасы. Қазіргі егеменді елдің болашағы болар жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негізінде тәрбиелеудің баға жетпес, теңдесіз құралы. Олай болса, бұл байқауға Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мектептерінен 52 бала белсене атсалысты
Бұл фотоконкурстың бірнеше бағыты болды. Олар: адамдар, табиғат, менің үйім,қалам, елім, оқиғалар. Осы тақырыпқа сай оқушылар А – 4 форматта суреттер тапсырды.

Ал сурет байқауы: «Менің қалам – менің галактикам» және «Ертегі қала, арман қала» атты екі бағыттан тұрды.
«Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» – деп тегін айтылмаса керек. Әр оқушы өзіне ұнаған тақырыптағы суреттерімен байқауға қатысты.
Қорыта келгенде «Жас Қыран» ұйымының мүшелерінің ішінен №11ЖБОМ оқушысы Злодеева Софья мен әйелдер гимназиясының оқушысы Шамсутдинова Эвелина І орынды қанжығалады. Ал №8ЖББОМ оқушысы Үсен Ясмина мен №6 ЖББОМ оқушысы Шим Николь ІІ орын иеленді.

Сурет байқауы бойынша №8 ЖББОМ 9 «Б» сынып оқушысы Казбеков Ерлан және №11ЖББОМ 7 «Б» сынып оқушысы Моор Амалия, №1 қалалық гимназияның оқушылары Вельш Алина мен Варнавская Олеся, І орынды иеленді. Сонымен қатар №15 ҚМГ 6 «Ә» сынып оқушысы Махсатова Зухра мен №6 ЖББОМ 6 «А» сынып оқушысы Белгибаева Томирис, №28 ЖББОМ 5 «А» сынып оқушысы Леверова Дилан, №11ЖББОМ 8 «А» оқушысы Балдикова Амина ІІ орынға ие болды. Осы оқушылардың салған суреттері көз тартатындай ерекше болды. Ал қалған оқушылар ІІІ, ІҮ орындарды иеленді.
Байқауға қатысқан барлық оқушылар «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ мен «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.