Нұр-Сұлтаннан жүлделі оралды

«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының «Мирас» аспапты-вокалдық ансамбілінің тәрбиеленушілері ( жетекшілері Шаймерденова Қ.Ж. Әбдірахман Қ.Б) Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІҮ Халықаралық «Открытый Казахстан» фестиваль- байқауына қатысып І,ІІ,ІІІ орындарға ие болды. Вокал номинациясы бойынша: І орын Жетписова Ардана, ІІ орын Нұриден Назар, ІІІ орын Бегалы Дарынға бұйырса, топпен ән салуда ұлдар тобы ІІІ орынды, қыздар тобы ІІІ орынды қанжығаларына байлады. Ансамбілдің жетекшілері мен тәрбиеленушілеріне әрқашан өнер асуларын бағындырып, биік белестерден көріне берулеріңізді тілейміз.

«Әлем»БЖО»КММ мәдени-бұхаралық бөлімінің меңгерушісі Бельгибаева Ботагоз Толеубаевна