Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы шеңберінде балаларға қосымша білім беру педагог қызметкерлері секциясының ұсынымдары / Рекомендации секции педагогических работников дополнительного образования для детей в рамках расширенного заседания коллегии Министерства образования и науки Республики Казахстан

Скачать

Рекомендации секции Коллегии


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы шеңберінде балаларға қосымша білім беру педагог қызметкерлері секциясының ұсынымдары

2018 жылғы 13 ақпан                                                                     Астана қ.

 

Интеллектуалды капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау Қазақстанның басты құндылықтары болып келеді. Мектептің білім беру шеңберінде іске аса бермейтін салаларда балалар қанағаттанарлық танымды қызығушылықтар мен қажеттіліктерге байланысты білім беру қызметі жаңа жағдайда үлкен қарқынға ие болып келеді.

Қоғамдағы инновациялық жаңалық өскелең ұрпақтың ғылымға және тану процесіне тұрақты қызығушылықсыз мүмкін емес.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының басымдылықтарын ескеретін және балалар мен жастардың барлық әлеуметтік-жас санаттарына бағытталған ғылым, техника және технологиялар дамуының заманауи деңгейіне бейімделген, балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамыту қазақстандық білімнің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында оқушылар сарайларының базасында технопарктер мен бизнес инкубаторлар ашуды тапсырды.

Заманауи әлемде технопарктер құру экономикалық, техникалық, технологиялық, ғылыми-зерттеу, байланыс, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да мәселелерді кеңінен қамтитын тәжірибе ретінде қарастырылады. Инфрақұрылым нысаны ретінде Технопарк экономиканың салаларын инновациялық дамытуды жылдамдатуға бағытталған.

Қазақстандағы балалар технопарктерінің пайда болуы  республикадағы ғылыми-техникалық әлеуеттің төмендігіне байланысты. Бүгінгі таңда қосымша білім беру жүйесінің оқу-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалық қызметін ұйымдастыру арқылы балалардың қабілеттерін дамытуда үлкен тәжірибесі бар. Сондықтан да, балалар технопарктері – бұл қосымша білімнің интегративті моделі.

Секция қатысушылары Балалар технопарктерінің мектеп оқушыларын – инновациялық экономиканы дамытуға, өнеркәсіптік өндірістегі технологияларды іске асыруда, жаңаңалықтар ашуға, жаңа білімге деген тұрақты сұранысты құруға, ғылым, шағын бизнес және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететін болашақ инженерлерді, бағдарламашыларды, өнертапқыштарды кәсіпке бағдарлауда маңызды рөл атқаруға бағытталғанын түсінеді.

Сонымен қатар, балалар технопарктерінің ашылуы заманауи құрал-жабдықтарды енгізуді, қолданыстағы технологияларды жаңартуды, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды талап етеді. Қосымша білім беру бағдарламалары да жаңартуды талап етеді. Балалар технопарктерінде қызметтердің түрлері бойынша балалардың қызығушылықтарына сәйкес әртүрлі білім беру бағдарламаларының жиынтығы болуы тиіс. Бұл техниканы модельдеу, робототехника, нанотехнология, биотехнология, өндірістік дизайн, энергетика, геоинформатика, космонавтика, ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, компьютерлік аннимация, видеомонтаж, сәулет өнері, дизайн және басқалары. Олар мектеп оқушыларының танымдық және кәсіби қызығушылықтарын қамтамасыз етудің заманауи міндеттеріне сәйкес олардың шығармашылық, инженерлік ойларын жандандыруы, шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруы қажет.

Басты міндет – балаларға қосымша білім беру инфрақұрылымының заманауи тиімді инновациялық моделін құру. Ол үшін жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының, бизнес-құрылымдардың, ҮЕҰ, бұқаралық ақпараттық құралдардың шоғырлануы қажет.

Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің секциясына қатысушылар талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсынымдарды қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне:

– балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, оның ішінде оқушылар сарайларының базаларындағы технопарктердің мазмұны бойынша әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз ету жұмысын жалғастыру;

– балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог кадрларының, оның ішінде балалар технопарктері қызметкерлерінің кіші кәсіби бағытта біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру; біліктілік арттыру курстарына жоғары оқу орындарының ғалымдарын, ТжКБ шеберлерін, өнеркәсіп, бизнес құрылым мамандарын, ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін тарту;

– қосымша білім беру бағдарламаларының байқауын өткізуді тәжірибеге енгізу, оның ішінде балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту бойынша үздік білім беру бағдарламаларының деректер банкін құру үшін технопарктер қызметін ұйымдастыру;

– жоғары оқу орындары мен ТжКБ колледждерінде «Балаларға қосымша білім беру педагогикасы» пәнін енгізу арқылы балаларға қосымша білім беру жүйесінде жұмыс үшін педагогикалық қызметкерлерді дайындау сапасын арттыру;

– қосымша білім беру педагогтеріне отандық, шетелдік технопарктерге, ғылыми ұйымдарға, экономиканың нақты секторының кәсіпорындарына тағылымдама ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыру;

– білім беру қызметін құру, білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтау және құруға қатысты балалар технопаркінің (кванториумдар, технополистер, наукоградтар, дискаверлер, балалар мұражайлары және басқалар) үздік халықаралық тәжірибесін зерттеу;

– білім алушылардың зерттеу, тәжірибелік-құрылымдық және жобалық қызметі мен басқа қосымша білім беру бағыттары бойынша республикалық деңгейдегі мектептен тыс іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;

– балалар технопарктерін құру, ондағы түрлі жобаларды іске асыру және балалардың жетістіктері, оның ішінде ғылыми-техникалық шығармашылық жүйесі, өнертапқыштық пен робототехника туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды белсендіру.

Жергілікті атқарушы органдарға:

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Мемлекет басшысы Жолдауының 7-тапсырмасын орындау бойынша нақты шаралар қабылдау:

ғылымды, техниканы және технологияны дәріптеуге бағытталған өңірлік бағдарламалар әзірлеу;

оқушылар сарайларының базасында барлық қажетті инфрақұрылымдары, сонымен бірге компьютерлері, лабораториялары, 3D-принтерлері бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларын ашу (мерзімі: 2018 жылғы 1 қыркүйек);

жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, интернаттық ұйымдарда ғылыми-техникалық бағыттағы үйірмелердің желісін кеңейту (БЖҒТШ жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар жоспарының 2.5-тармағы) (мерзімі: 2018 жылғы 1 қыркүйек);

лагерьлерде профильді ауысымдар, жоғары технологиялар аптасын, экскурсиялар, шеберлік сыныптарды және басқаларды ұйымдастыру және өткізу (мерзімі: 2018 жылғы 1 қыркүйек);

– қосымша білім беру, оның ішінде техникалық бағытта педагогтерді жетекші отандық, шетелдік технопарктерге, ғылыми ұйымдарға, экономиканың нақты секторының кәсіпорындарына тағылымдамадан өтуге, сонымен қатар өңіраралық педагогикалық тәжірибе алмасу үшін жолдауға қаражат қарастыру (мерзімі: 2018 жылғы 1 қыркүйек);

– білім алушылардың ерте кәсіби бағдарлануына, олардың кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруіне, сонымен қатар келешегі бар технологиялар және болашақтың мамандығы саласында жұмыс мамандықтарын алу үшін мүмкіндіктерге жағдай жасау;

– әртүрлі білім беру ұйымдарының, ғылым, мәдениет және спорт ұйымдарының кадрлық, материалды-техникалық және инфрақұрылымдық ресурстарының дамуын қамтамасыз ету;

– ғылыми-техникалық шығармашылықпен балалардың қамтылуын теңестіру бойынша, оның ішінде қашықтықтан оқыту, тақырыптық демалыс ауысымдары механизмдерін қолдану арқылы ауылдық жерлердегі балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін білім беру бағдарламаларына тең қолжетімділікті ұсыну бойынша шаралар қабылдау (мерзімі: 2018 жылғы 1 қыркүйек);

– мектепке дейінгі ұйымдардың сайттарын жаңарту, балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығына арналған арнайы бөлімдерді толықтыру.

Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын, оның ішінде ғылыми-техникалық бағыттағы бағдарламаларды іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқушылар сарайларының, үйлерінің, балалар шығармашылығы орталықтарының басшыларына және педагог қызметкерлеріне:

– оқушылар сарайларының базасында балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының сапалы мазмұнын анықтауға және қалыптастыруға ықпал ету («Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Мемлекет басшысы Жолдауының 7-тапсырмасы);

оқытудың арнайы технологияларын және әдістерін (ӨТШТ- өнертапқыштық тапсырмаларын шешу теориясы, кейстер, жобалық оқыту, командалық бағдарланған оқыту және басқалары) қолдану есебінен қол жеткізілетін басым инженерлік-технологиялық, метапәндік құзыреттіліктерді (зерттеу, жобалық  және т.б.) дамыту;

– мемлекеттік-жеке меншік және әлеуметтік әріптестіктің механизмдерін іске асыру есебінен тәлімгерлік институтын құру, қолдау және дамыту (мерзімі: 2018 жылғы 1 қыркүйек);

– білім алушыларды әріптестіктің топтық, ұжымдық, жеке (тәлімгерімен бірге) формаларына, балалар-ересектер бірлестіктеріне және т.б. енгізуді қамтамасыз ететін білім алушылар қызметін ұйымдастыру формаларын түрлендіру;

– заманауи сын-тегеуріндер мен трендтерге сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша шаралар қабылдау;

– оқытудың қашықтықтан білім беру механизмдерін қолдану;

– қосымша білім беру, оның ішінде ғылыми-техникалық шығармашылықпен және робототехникамен байланысты пәндер бойынша педагогтердің біліктілікті арттыру курстарына және семинарларына қатысуын қамтамасыз ету;

– Мемлекет басшысы Жолдауының 7-тапсырмасына сәйкес оқушылар сарайлары, балалар шығармашылығы орталықтары, жас техниктер, натуралистер, экологтар және биологтар станциялары мен орталықтары қызметінің жоспарларына түзетулер енгізу;

– мазмұнды бағыттарды алуан түрлендіруді іске асыру және білім алушыларды ғылыми-зерттеу, конструкторлық-технологиялық, жобалық және басқа да қызмет түрлеріне ендіру мақсатында ғылыми-техникалық шығармашылық саласындағы бар білім беру бағдарламаларын қайта қарастыру;

– әртүрлі деңгейдегі және бағыттағы жарыстарға және байқауларға қатысу;

– қосымша білім беру ұйымдарының жоғары оқу орындарымен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен, ғылыми-техникалық шығармашылық және робототехника саласындағы өндірістік кәсіпорындармен және бизнес құрылымдармен желілік өзара байланысын қамтамасыз ету (мерзімі: 2018 жылғы 1 қыркүйек);

– ғылыми-техникалық шығармашылықты және робототехниканы дамыту бойынша халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық, мектепішілік іс-шараларға қатысу спектрін кеңейту;

– білім беру ұйымдарында ғылыми-техникалық бағыттағы, робототехника, IT-технология және т.б. үйірмелердің желісін дамытуға ықпал ету;

– жасөспірімдердің кәсіби өзін-өзі анықтауына жағдай жасау үшін бейін алды оқытуды дамыту;

– өскелең ұрпаққа үлгі болатын тәрбиеленушілерінің және түлектерінің «Табысқа қадам»  деректер қорын құру;

– балалар мен жастардың ғылыми-техникалық жобаларының сапасы мен санын, оның ішінде шетел тілдерін қолдану арқылы арттыру;

– бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастардың ортасында ғылыми-техникалық шығармашылықтың беделін арттыру;

– мектепке дейінгі ұйымдардың сайттарын жаңарту, балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығына арналған арнайы бөлімдерді толықтыру бойынша жұмысты жалғастыру.


Рекомендации
секции педагогических работников дополнительного образования для детей в рамках расширенного заседания коллегии Министерства образования и науки Республики Казахстан

 

13 февраля 2018 года                                                                               г. Астана

 

Интеллектуальный капитал, человек труда, инновационное мышление становятся главными ценностями Казахстана. В новых условиях все больший масштаб приобретает образовательная деятельность, связанная с удовлетворением познавательных интересов и потребностей детей в тех сферах, которые не всегда могут быть реализованы в рамках школьного образования.

Инновационный прорыв в обществе невозможен без устойчивого интереса к науке и процессу познания у подрастающего поколения.

В связи с чем, одной из приоритетных задач казахстанского образования является развитие системы научно-технического творчества детей и молодежи, адаптированной к современному уровню развития науки, техники и технологий, учитывающей приоритеты социально-экономической политики Республики Казахстан, и рассчитанной на все социально-возрастные категории детей и молодежи.

В Послании народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» Глава государства поручил открыть на базе действующих дворцов школьников технопарки и бизнес инкубаторы.

В современном мире создание технопарков рассматривается как эксперимент, охватывающий широкий круг экономических, технических, технологических, научно-исследовательских, коммуникационных, социально-бытовых и других проблем. Технопарк как объект инфраструктуры призван обеспечить ускорение инновационного развития отраслей экономики.

Создание детских технопарков в Казахстане также обусловлено несоответствием имеющегося в республике научно-технического потенциала. В настоящее время система дополнительного образования накопила большой опыт в развитии способностей детей посредством организации учебно-исследовательской, опытно-конструкторской и проектной деятельностей. Поэтому детские технопарки – это интегративная модель дополнительного образования.

Участники секции понимают, что детские технопарки призваны играть активную роль в профориентации школьников – будущих инженеров, программистов, изобретателей, которые в дальнейшем будут способствовать развитию инновационной экономики, реализации надежных технологий в промышленном производстве, открытию новейших изобретений, созданию устойчивого спроса на новые знания, укреплению связи между наукой, малым бизнесом и промышленностью.

Вместе с тем, открытие детских технопарков требует внедрения современного оборудования, обновления используемых технологий, повышения квалификации педагогических кадров. В модернизации нуждаются и образовательные программы дополнительного образования. У детского технопарка должен быть набор различных образовательных программ, соответствующих интересам детей по различным видам деятельности – это моделирование техники, робототехника, нанотехнологии, биотехнологии, промышленный дизайн, энергетика, геоинформатика, космонавтика, информационные технологии, программирование, компьютерная анимация, видеомонтаж, архитектура, дизайн и другие. Они должны соответствовать современным задачам обеспечения развития познавательных и профессиональных интересов школьников, активизации их творческого, инженерного мышления, формирования опыта творческой деятельности.

Главная задача – создать эффективную инновационную модель инфраструктуры дополнительного образования детей. Для этого необходима консолидация усилий организаций общего среднего, дополнительного, технического и профессионального, высшего образования, бизнес-структур, НПО, средств массовой информации.

Участники секции педагогических работников дополнительного образования детей по итогам обсуждения принимают следующие рекомендации.

Министерству образования и науки Республики Казахстан:

– продолжить работу по обеспечению методического и методологического сопровождения деятельности организаций образования, реализующих программы дополнительного образования для детей, в том числе по содержанию технопарков на базе действующих дворцов школьников;

– организовать проведение узконаправленных курсов повышения квалификации для педагогических кадров организаций, реализующих программы дополнительного образования, в т.ч. для работников детских технопарков; привлекать к проведению курсов повышения квалификации ученых вузов, мастеров ТиПО, специалистов промышленности, бизнес структур, представителей НПО, общественных объединений;

– ввести в практику проведение конкурсов образовательных программ дополнительного образования, в т.ч. по развитию научно-технического творчества детей, организации деятельности технопарков  для создания банка лучших образовательных программ;

– повысить качество подготовки педагогических работников для работы в системе дополнительного образования для детей путем внедрения в вузах и колледжах ТиПО предмета «Педагогика дополнительного образования детей» для всех педагогических специальностей;

– рассмотреть возможность организации стажировок педагогов дополнительного образования в ведущие отечественные, зарубежные технопарки, научные организации, предприятия реального сектора экономики;

– изучить лучший международный опыт функционирования детских технопарков (кванториумы, технополисы, наукограды, дискавери, детские музеи и др.) в части построения образовательной деятельности, определения содержания и разработки образовательных программ;

– организовать проведение внешкольных мероприятий республиканского уровня по исследовательской, опытно-конструкторской и проектной деятельностей школьников и другим направления дополнительного образования;

– активизировать освещение в средствах массовой информации о создании детских технопарков, реализации в них различных проектов и достижений детей, в т.ч. в сфере научно-технического творчества, изобретательства и робототехники.

Местным исполнительным органам:

– принять конкретные меры по выполнению 7-й задачи Послания Главы государства «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции»:

разработать региональные программы, направленные на популяризацию науки, техники и технологий;

открыть на базе дворцов школьников детских технопарков и бизнес-инкубаторов со всей необходимой инфраструктурой, включая компьютеры, лаборатории, 3D-принтеры (срок: 1 сентября 2018 года);

расширить сеть кружков научно-технической направленности в организациях общего среднего, дополнительного, технического и профессионального образования, интернатных организациях (п.2.5. плана мероприятий по развитию системы НТТДМ) (срок: 1 сентября 2018 года);

организовать и провести профильные смены в лагерях, недели высоких технологий, экскурсии, мастер-классы и др. (срок: 1 сентября 2018 года);

– предусмотреть средства на направление педагогов дополнительного образования, в т.ч. технической направленности на стажировки в ведущие отечественные, зарубежные технопарки, научные организации, предприятия реального сектора экономики, также межрегиональный педагогический обмен опытом (срок: 1 сентября 2018 года);

– создать условия для ранней профориентации обучающихся, освоения ими профессиональных компетенций, возможности для получения рабочих профессий, в том числе в области перспективных технологий и профессий будущего;

– обеспечить развитие кадровых, материально-технических и инфраструктурных ресурсов организаций образования разных видов, организаций науки, культуры и спорта;

– принять меры:

по выравниванию охвата детей научно-техническим творчеством, в т.ч. по предоставлению равного доступа к образовательным программам для детей сельской местности, детей с особыми образовательными потребностями через использование механизмов дистанционного образования, тематических каникулярных смен (срок: 1 сентября 2018 года);

– по обновлению сайтов внешкольных организаций, наполнению специальных разделов, посвященных научно-техническому творчеству детей и молодёжи.

Руководителям и педагогическим работникам организаций образования, дворцов, домов школьников, центров детского творчества, реализующих образовательные программы дополнительного образования детей, в т.ч. научно-технического направления:

– содействовать определению и формированию качественного содержания детских технопарков и бизнес-инкубаторов на базе дворцов школьников (7 задача Послания Главы государства «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции»);

развивать приоритетные инженерно-технологические, метапредметные компетенции (исследовательские, проектные и пр.), достигаемые за счет применения специфических технологий и методов обучения (ТРИЗ – теория решения изобретательских задач, или кейсы, проектное обучение, командно-ориентированное обучение и др.);

– создать, поддерживать и развивать институт наставничества, в том числе за счет реализации механизмов государственно-частного и социального партнёрства (срок: 1 сентября 2018 года);

– разнообразить формы организации деятельности обучающихся, позволяющие обеспечить их включение в групповые, коллективные, индивидуальные (с наставником) формы сотрудничества, детско-взрослые сообщества и т.п.;

– принять меры по обновлению образовательных программ в соответствии с современными вызовами и трендами;

– использовать в обучении механизмы дистанционного образования;

– обеспечить участие педагогов дополнительного образования, в т.ч. по дисциплинам, связанным с научно-техническим творчеством и робототехникой на курсах повышения квалификации и семинарах;

– внести коррективы в планы деятельности дворцов школьников, центров детского творчества, станций и центров юных техников, натуралистов, экологов и биологов с учетом реализации 7-й задачи Послания Главы государства;

– пересмотреть имеющиеся образовательные программы в сфере научно-технического творчества с целью реализации многообразия содержательных направлений и включения обучающихся в учебно-исследовательскую, конструкторско-технологическую, проектную и другие виды деятельностей;

– участвовать в соревнованиях и конкурсах разных уровней и направлений;

– обеспечить сетевое взаимодействие организаций дополнительного образования с высшими учебными заведениями, организациями технического и профессионального  образования, промышленными предприятиями и бизнес структурами в сфере научно-технического творчества и робототехники (срок: 1 сентября 2018 года);

– расширить спектр участия в международных, республиканских, областных, районных, внутришкольных мероприятиях по развитию научно-технического творчества и робототехники;

– содействовать развитию сети кружков научно-технической направленности, робототехники, IT-технологий и др. в организациях образования;

– развивать предпрофильное обучение для создания условий, способствующих профессиональному самоопределению подростков;

– создать банк данных воспитанников и выпускников «Путь к успеху», которые станут примером для подрастающего поколения (срок: 1 сентября 2018 г);

– повысить качество и количество научно-технических проектов детей и молодежи, в том числе с использованием иностранных языков;

– повысить имидж научно-технического творчества в молодежной среде через средства массовой информации;

– продолжить работу по обновлению сайтов, наполнению специальных разделов, посвященных научно-техническому творчеству детей и молодёжи.