Қалалық мәдениет және демалыс саябағы

«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы мен “Қалалық мәдениет және демалыс саябағы” бірігіп 04-12 желтоқсан 2018 ж. аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Мәңгілік ел – Қазақстан» атты қалалық шығармашылық сайысын ұйымдастырды. Сайысқа жіберілген жұмыстар БЖО “Әлем” орталығының холлында ілініп, көрме ұйымдастырылды. Байқауға әйелдер гимназиясы, №28, №3,№21, №19, №6, №8, №17, №5, №14, №10, №15, №9, №2, №11, №27 қала мектебінің оқушылары тақырыпқа байланысты суреттер, макеттер және коллаждар жасады. Марапаттау рәсімі 12 желтоқсан 2018 жылы “Қалалық мәдениет және демалыс саябағында” өтеді.
Жас өнерпаздардың жұмыстарын «Әлем» БЖО МББ меңгерушісі Бельгибева Б.Т., «Жас Ұлан» ұйымының әдіскерлері Қонақбаева Г.Т., Кунтуган К., «Колорит» студиосының жетекшісі Колганова Е.Л., орталықтың суретшісі Рожкова Л.В., “Қалалық мәдениет және демалыс саябағының” әдіскері Кравченко С.А. сараптап, бағалады.
Балғындардың еңбектерінен өз еліне, Елбасына деген сүйіспеншіліктері, мақтанышы және құрметтері мен сенімдері айқын көрінеді.
Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ибраева Асем Сабитовна