2017 жылғы 21 ақпанда «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 28 жыл толуына орай «Бұл біздің соғыс…» атты әдеби – кеш өтті.
Бұл әдеби – кештің негізгі мақстаы оқушылардың бойына белсенді азаматтық позиция мен ұлттық сана-сезімін қалыптастыра отырып, оларға патриоттық тәрбие беру. Бұл кешіміздің шырайын келтіріп, әсем әуен әндерімен тербетіп, өлең жыр шумақтарымен толғантып қонақтардың көңілін көтеріп Теміртау қаласы бойынша барлығы 16 мектептің «Жас Ұлан» отрядының мүшелері белсене қатысып, ерекше бір әсер қалдырды.
Ерлік саналы әскери тәрбиенің жемісі, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге мәжбүр етуге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі – деп Бауыржан Момышұлы айтқандай бүгін Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған, Ауған соғысына қатысқан жауынгер ағаларымызбен кездесу кешін өткізу біздің оқушылар үшін үлкен ғанибет болды.
Қадірменді қонақтар, ауған соғысының ардагерлері Вакуленко Алексей Алексеевич, Саганаев Серик Муратвич, Шеров Орынбек Сарсенбаевич, Глаголов Владимир Владимирович сонымен қатар «Ауған ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бисолтанов Еркин Каукенвич және «Ауған ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің хатшысы Седухина Светлане Викторовна болды.
Әдеби – кеш ауған соғысының ардагері «Ауған ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бисолтанов Еркин Каукенвич құттықтау сөзімен басталып, әрі қарай оқушылардың толғанысымен тебірене оқыған өлең шумақтары мен әндерімен жалғасты.
Ерекше әсерге бөленіп, ата – бабаның, туған жердің, Отанның қадіріне кенеліп № 4ЖББО оқушысы Темиров Мухаммеджан «Ауған отты жылдары» атты өлеңін оқыса, №10 ЖББОМ оқушысы Манарбек Бақдаулет, №24 ЖББОМ оқушсы Шмидт Арсений осы кешке арнайы дайындап келген өлең шумақтарын ерекше бір сезімнің әсерімен әсерлене оқып беріп көрермендердің көңілінен шықты. №6 ЖББОМ оқушылары Бомбина Яна мен Доненбаев Дамир «Слава погибшим сыновьям» дует құрып гитараның сүйемелдеуімен орындады, №5 ҚОМ оқушысы Сағантай Алдияр Қанатұлы «Комбат» , Әйелдер гимназиясының оқушысы Беломызова Ульяна «Кукушка» әндерін орындап көрерменнің қошеметіне бөленді. Барлық қатысушылар өз ерекшеліктерімен көңілді толғандырып, әсерге бөледі.
«Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» — дегендей кешіміздің екінші бөлімінде ауған соғысының ардагерлерімен сұхбаттасу болды. Арнайы келген қонақтар өздерінің бастан кешкен оқиғаларын балаларға баяндап берді. Ардагерлер оқушыларға өз алғыстарын білдіріп, өздерінің жүрек жарды лебіздерін айтып, батырлық пен батылдық, ерлік пен ерен еңбек тек халық пен Отан үшін жасалатын игі іс екеніне кеңінен тоқталып өтті.
Ауған соғысы жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер. Ержүрек батырларымызға мың да бір рахмет. Мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеу біздің міндетіміз екенін осы кешке қатысушылардың барлығы түсінді деген ойдамын.
Кештің соңында барлық белсене қатысқан оқушылар мадақтама қағаздармен марапатталды. Оқушыларды дайындаған мұғалімдер де мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Балалар мен жастар қозғалысы орталығының әдіскері: Кунтуган К.