2023 жылдың 3 ақпанында «Әлем» БЖШО» КМҚК-да ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытатын мұғалімдерге арналған ата-аналар қоғамдастығының қатысуымен «Ерекше бала әлемі» қалалық семинары өтті. Семинар барысында үйірме жетекшілері И.М. Ходарева., Е.Г. Седова., О.Б. Кудрицкая түрлі бағыттағы үйірмелерде ерекше балалармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті, мұндай баланы қалай қарсы алуға болатынын, жұмысты неден бастау керек, баланың қандай дағдыларын дамыта алатынын анықтау үшін қажет диагностикалық әдістерді қолданатынын айтты.
Семинарды қорытындылай келе, біздің орталықтың барлық педагогтерінің балалармен жұмыс жасау тәжірибесі мол, әрқайсысы өз ісінің кәсіби маманы екенін атап өткіміз келеді. Ең бастысы, баланың өз бойындағы қасиеттерін тануға және оны әрі қарай дамытуға көмектесу. Бізге келген әрбір бала дарынды!
Семинарда өз тәжірибесімен бөлісіп, өткізуге үлесін қосқаны үшін
Х.К. Абдикаримоваға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
3.02.2023 года в КГКП «ЦДЮТ «Әлем» прошел городской семинар «Мир особого ребенка» для педагогов, обучающих детей с особыми образовательными потребностями, с участием родительской общественности. В ходе семинара руководители кружков Ходарева И.М., Седова Е.Г., Кудрицкая О.Б. поделились опытом работы с особыми детьми в кружках различной направленности, рассказали, как встретить такого ребенка, с чего начать работу, об используемых методах диагностики, которые необходимы для того, чтобы определить, какие навыки у ребенка можно развивать.
Подводя итоги семинара, хотелось бы отметить, что все педагоги нашего центра имеют большой опыт работы с детьми, каждый – профессионал своего дела. Каждый ребенок, который приходит к нам, талантлив! Главное, помочь ему найти себя, помочь раскрыться.
Выражаем искреннюю благодарность за содействие в проведении семинара Абдикаримовой Х.К.