10 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері арасында Карл Поппердің форматы бойынша “Менің бастамам” тақырыбында дебаттық ойындар өтті.
Ойынға қазақ және орыс лигаларына “БТКЛ” КММ, №24 ЖББМ, №27 ЖББМ, №21 ЖББМ, №1 гимназия, №14 МЛ, №9Л, №17 ЖББМ, №3 ЖББМ , Ғ. Мұстафин атындағы ЖББМ, №1 ЖББМ және А.Бөкейханов атындағы гимназияның 5-7 сынып оқушылары қатысты. Теміртауда мұндай ойын форматы алғаш рет өткізіліп отыр!
Ойынның финалы 6 қаңтарда өтеді.
Қазақ лигасы ойынның төрешілері Жанатбек Алмас 2017 жас Стар аким премиясынын жүлдегері,2019 да обл дебат сайысыннын күміс жүлдегері; Меней Ерқанат Теміртау қ. Жастар ресурстық орталығының әдіскері; Карибжанов Жасулан Естаевич А. Бөкейханұлы атындағы гимназияның дебат клубының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі. Төрешілерге, дебатқа оқушы дайындаған жетекшілерге және ойыншыларға алғыс айтамыз. Таудай талап, жемісті еңбек, зор денсаулық тілейміз.
https://youtu.be/dFOeLltCBjs