1989 жылдың 15 ақпан күні Кеңес Одағының әскері Ауғанстан жерінен шығарылды

«Батырлық – табиғаттың бере салған сыйы емес, бұл – патриоттың өз борышын орындау үшін қауіп-қатерге қарсы баруға өзін-өзі саналы түрде зорлауының нәтижесі» – деген Бауыржан Момышұлының сөзі бар.
Сондықтан да дана халқымыз: «Батыр өлмейді, мерт болады» – деп айтады.
1989 жылдың 15 ақпан күні Кеңес Одағының әскері Ауғанстан жерінен шығарылды.
Міне, содан бері тура отыз екі жыл уақыт өтіпті. Он жылға созылған сол соғыстың жарасы әлі де жазылар емес…