«Jas qalam» ádebı úıіrmesі – Литературный кружок «Жас қалам»



«Әлем» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК
«Искорка» инклюзивті  музыкалық-логопедтік үйірмесі

Үйірменің басты мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ ақындарының поэзиясымен таныстыра отырып, бойларындағы дарындарын дамыту;

  • Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету;
  • Көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру;
  • Оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;
  • Көркем шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру.

«Жас қалам» әдеби үйірмесіне қатысатын оқушылар – 5-8- сынып, 9-11 – сыныпты қамтиды. Яғни, 10- 13 жас, 14-16 жас аралығындағы тәрбиеленушілер.

Жас қалам – жас шәкіртке не үйретеді?

  • оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретеді;
  • бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен таныса отырып, ақындар әлеміне еніп, өздері де өлең жазуға машықтанады;
  • зерттей оқу арқылы, әдеби шығармаларға қызығушылықтары артады;
  • жазушылар шеберлігіне көз жүгірту арқылы, эссе, мақала, шығарма жазу дағдылары қалыптасады;
  • әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгереді;
  • Кез-келген көркем туындыны келістіре оқуып, көркем шығармадағы сөз сырының мағынасын ұғынып қана қоймай, шығармашылық қабілеттері шыңдалады;.

Басты мақсаты жас дарындарды анықтап, шығармашылық жұмыстарына (өлең жазу, шығарма, мақала, эссе) шам жағу, қолдау көрсету. Көркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру.

Соның бір дәлелі ретінде үйірменің жас тәрбиеленушісі Хуанған Ақботаның

«Жас қалам» үйірмесіне арнаған арнау өлеңін ұсынып отырмын.

Жас қаламға
Жас қаламым еш жамандық көрмегін,
Өз наныңды өзгелерге бермегін.
Өмірдің жаңа жолы қиын болар,
Сонда дағы шегінбегін, сөнбегін.

Жас қаламда небір талант жиналған,
Білмегенін үйреніп, әрі қарай шыңдалған.
Дүние есігін, биыл ғана ашса дағы,
Өз бағасын беріп қойған, тыңдарман. 

Жас қаламым ғұмырың ұзақ болсын!
Арманға бастайтұғын жалғыз жолсың.
Жас қаламым жиырма жылын артқа тастап,
Өскелең ұрпақтарға бақ боп қонсын!

Біздің мекен-жайымыз:
Теміртау қаласы, 70 – 10/1 – «Әлем» БЖШО
тел: (7213)98-06-19
e-mail: detiduc08@mail.ru
Филиалы: Ақтау кенті, 8 квартал – 54
тел.: 94-07-43

Сайт: www.cdutalem.kz
Вконтакте: vk.com/cdutalem
Мой Мир: Әлем БЖШО ЦДЮТ Әлем
Instagram: ЦДЮТ«Әлем» г.Темиртау
Facebook: facebook.com/alem.temirtau
Одноклассники: ok.ru/cdutalem
Telegram: t.me/cdutalem_kz