«Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мектептерінің 5-7 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай-дара, Абай-дана қазақта» қалалық бейнетаспа сайысы өтті. Сайысқа 14 мектептен 29 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сайыс «Өлең – сөздің патшасы» өлең оқу және «Көңілім әнді ұғарсың» ән орындау номинациялары бойынша өтті. Өлең оқудан «Бас жүлде» «№2 ЖББОМ»КММ оқушысы Ахметова Айнисаға бұйырса, ән орындауда «Бас жүлдені» «№29 ЖББОМ» КММ оқушысы Народ Жанел жеңіп алды.Оқушылардың жұмыстарын Теміртау қаласы тілдерді дамыту орталығының әдіскері Медетова Б.К., «Әлем»БЖО»МКҚК директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Бельгибаева Б.Т., орталықтың Ақтау кенті филиалындағы әдіскері Хайбар Лиза, «Талапкер» тілдер орталығының жетекшісі Күнтуған Г, «Балдәурен» вокал тобының жетекшісі Хусайнова А.Х. бағалады. Барлық оқушылар мен оқушыны дайындаған мұғалімдерге «Теміртау қаласы білім беру бөлімі»МКҚК мадақтама қағаздары табысталды.
Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары: Бельгибаева Б.Т.