Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қосымша білім беруге қосу қарым-қатынас, интеллектуалдық және физикалық даму, олардың әлеуметтік бейімделу және өзін-өзі іске асыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Балаларға қосымша білім беру мекемелері компенсаторлық және оңалту функцияларын орындайды, олар баланың болашақ тағдырына үлкен әсер ете отырып, оның қабілеттерін дамытуға барынша мүмкіндік береді.
2000 жылдан бері Теміртау қаласындағы «Әлем» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығында инклюзивті білім беру жобасы жүзеге асырылуда – бұл жыл сайынғы «Аяулы жүрек» ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған шығармашылық фестивалі. Орталықтың есігі барлық балалар үшін әрқашан ашық. «Әлем» БЖШО үйірмелерінде әртүрлі диагнозы бар балалар айналысады, 2021 жылы инклюзивті бағытта орталықтың ұжымдарына ерекше білім беруді қажет ететін 25 бала келуде.
2021 жылдың 26 қарашасында «Әлем» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығында XVII-ші қалалық «Аяулы жүрек» балалар шығармашылығы фестивалі өтті, оған осы іс-шараға қатысуға 82 өтінім берілді.
Фестиваль аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді: ерекше балаларды тәрбиелейтін аналарға арналған семинар, қолданбалы өнер туындыларының көрмесі және гала-концерт, шығармашылық фестиваліне қатысушыларды марапаттау рәсімі, онда балалар өз өнерлерін көрсетті.
2021 жылдың 15 қарашасынан бастап орталық залында «Аяулы жүрек» фестивалі аясында «Біздің қолымыздан бәрі келеді!» атты ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылды.
Гала-концертте балаларды фестивальге дайындаған көрме қатысушылары мен педагогтарды марапаттау рәсімі өтті. Барлық қатысушылар мен педагогтар грамоталармен марапатталды.
Ән орындау, жарқын би композициялары, өлеңдер оқу бұл күні балаларды да, педагогтар да, ұйымдастырушыларды да қуантты. Концерт барлық адамның жүрегінде көптеген жақсы әсер қалдырып, жарқын, қызықты және әсерлі болды …
«Әлем» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы қалалық мәслихат депутаты Сергей Васильевич Урываевқа, «Волна» дүкендер желісінің директоры Екатерина Николаевна Сиверскаяға, Теміртау қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Маргарита Владимировна Бикмухаметоваға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Аяулы жүрек» қалалық фестивалін өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.
Сіздерге денсаулық, табыс және істеріңіздің өркендеуін тілейміз!