Мейірім шуағы

“Әлем” балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында жылдағы дәстүр бойынша “Мейірім шуағы” ЕББҚЕБ арналған фестиваль өтуде. Бүгін яғни, 24 сәуір күні балалар мәнерлеп оқу, көркем сөз номинациясы брйынша өз өнерлерін көрсетті.
Фестиваль демеушілері Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері Есімбекова Анель Алтайқызы мен Шим Марина Анатольевна балаларды құттықтап, сыйлықтар табыстады.
“Әлем” балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы қалалық мәслихат депутаты Сергей Васильевич Урываевқа, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері Есімбекова Анель Алтайқызына, Шим Марина Анатольевна және Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының Теміртау филиалының төрайымы Гридасова Анна Константиновна,
Теміртау қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Маргарита Владимировна Бикмухаметоваға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған “Мейірім шуағы “ қалалық фестивалін өткізуге көрсеткен көмегі үшін Алғыс білдіреді. Сіздерге зор денсаулық, жемісті еңбек тілей отырып, ізгі істеріңіз еселеп қайтсын демекпіз🌷