«Рождестволық жұлдыздар»

2018 жылдың 5-9 қаңтар аралығында «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының «Силуэт» сән театры  Ресей Федерациясының  астанасы Москва  қаласының  сахнасында  «Рождественские звезды» Халықаралық фестиваль-байқауында бақтарын сынады. Біздің  сайыскерлеріміздің жұмысын қазылар алқасы  жоғары бағалап, ІІ жүлделі орынды иеленді.

Христос  Рождествосы күні  ұйымдастырушылармен  Рождестволық бал өткізілді, бұл балға біздің ұжым Теміртаудан бастап дайындалған болатын.Біздің моделдеріміз  балдық  бағдарламаны  төрт  бағытта  меңгеріп, бал залында өздерінің біліктерін  ханшайымдар  бейнесінде көрсетті.

Силуэттіктер  байқауға қатысып қана қоймай,  Мәскеудің көрікті жерлерін аралап, жаңа жылдық  шараларға  қатысты.Бұның бәрі  тәрбиеленушілерді жігерлендіріп, жаңа белестерді бағындыруға көмектеседі.

«Силуэт» сән театры «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығы директоры мен ұжымына , ата-аналарға  сапарға шығуды  ұйымдастыру жұмысына  ат салысқандары үшін үлкен алғыс білдіреді.

                        «Силуэт» сән театрының жетекшісі   М.О.Миронова