«Алақай! Алақай! Бізде жазғы  демалыс!» атты тақырыпқа асфальтта сурет  салу байқауы

22 маусымда «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының жазғы алаңында Теміртау қаласының білім беру бөлімінің қолдауымен «Алақай! Алақай! Бізде жазғы демалыс!» атты тақырыбында асфальтта сурет салу байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінің жазғы лагерьлерінде демалып жатқан оқушылардан құралған 13 команда қатысты. Балалар ұйымдаса отырып, түрлі –түсті борлармен тақырыпқа сай суреттерді барынша белсене орындады. Балалардың салған суреттеріне қарай отырып олардың демалыстары қызықты, пайдалы, көңілді де мәнді өтіп жатқанын сөзсіз де түсіне аласын.

Салынған суреттерді «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы директорының орынбасары Рахманенко Светлана Ивановна, «Балалар Академиясы» тұлғаны дамыту орталығының жетекшісі Хамзина Жанна Хамзиновна және педагог -психолог Ходарева Ирина Михайловна бағалады.

Қорытындысында І орынды «Балдәурен» тобы («№2 ЖББОМ»КММ), «Улыбка» тобы («№3 ЖББОМ»КММ ), «Жұлдыз» тобы («№5 ҚОМ»КММ), «Фиксики» тобы («№6 ЖББОМ»КММ), «Гномы» тобы («№7ЖББОМ»КММ), «Дружба» тобы («№10 ЖББОМ»КММ), «Непоседы» («№16 ЖББОМ»КММ), «Дружба» («№19 ЖББОМ»КММ) иеленсе, ІІ орынды «Көңілді Джунгли» тобы («№4 ЖББОМ» КММ), «Ақжелкен» тобы («№15 ҚМГ»КММ), «Жас Алаш» тобы («№22 ЖББОМ» КММ), ІІІ орынды «Мультяшки» тобы («№23 ЖББОМ»КММ), «Балдәурен» тобы («№9 мектеп-лицейі» КММ) иеленді.

Байқауға қатысқан барлық балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, жетекші мұғалімдерге мадақтама қағаздары берілді.

Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді насихаттау мен дамыту жөніндегі әдіскер Б.Т.Бельгибаева