Теміртау қаласының «Әлем» Балалалар-жасөспірімдер орталығының «Керемет» театр студиосының жас өнерпаздары 2015 жылдың 27-28 сәуір аралығында Қарағанды қаласында өткен «Алтын шашу» байқауына қатысты. «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық байқаудың мақсаты жасөспірімдерге рухани-адамгершілік, көркем-эстетикалық тәрбие беру болды.
Қарағанды облысының түпкір-түпкірінен келген 20-шақты театралдық ұжымдардың өнеріне К.Станиславский, С.Сейфуллин театрлары мен Таттімбет атындағы өнер колледжінің ұстаздары төрелік жасады. Осындай жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар қатысқан дүбірлі додадан өнерпаздарымыз бас жүлдені қанжығаларына байлап, жүлделі оралды. Небәрі 4 ай жетекшілік жасап, шәкірттерін жетістікке жетелеген Какибаева Гаухар Калитқызына және студио тәрбиеленушілеріне шығармашылық табыс тілей отырып, әрқашан еңбектеріңіз жемісті болып, биік шыңдардан көріне беріңіздер деген игі тілегімізді білдіреміз.
Теміртау қ. «Әлем» БЖО халық шығармашылығы және қазақ тілін дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер: Б.Т.Бельгибаева.