Ауғанның отты жылдары

2016 жылғы 04 ақпанда «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 27 жыл толуына орай «Бұл біздің соғыс…» атты әдеби – кеш өтті.

Бұл әдеби – кештің негізгі мақстаы оқушылардың бойына белсенді азаматтық позиция мен ұлттық сана-сезімін қалыптастыра отырып, оларға патриоттық тәрбие беру . Кешіміздің мәні мен сәнін келтіріп, ән мен жырдан шашу шашып, шаттыққа бөлеп Теміртау қаласы мен Ақтау кентінен барлығы 15 мектептің «Жас Ұлан» отрядының балалары қатысты.

«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесу өткізу біздің балалар үшін үлкен бір ғанибет болды.

Қадірменді қонақтар, ауған соғысының ардагерлері Иштваник Александр Николаевич, Жаналиев Андрей Константинович, Мамаев Юрий Иванович, Остапенко Александр Александрович,Тулеубаев Курал Шашимович, Торегельдиев Камид Кенесевич кешіміздің көркін ашып, батылдық пен ерліктің даңқын танытып, оқушыларға соғыстың тарихынан сыр шертті.

Әдеби – кеш ауған соғысының ардагері Александр Николаевич Иштваниктің құттықтау сөзімен басталып, әрі қарай оқушылардың толғанысымен тебірене оқыған өлең шумақтары мен ән – билерімен жалғасты. Ерекше әсерге бөленіп, ата – бабаның, туған жердің, Отанның қадіріне кеңіліп № 29 мектептің оқушысы Мейрамбек Еркебұлан «Соғысты қаламаймын» атты өлеңін оқыса , әйелдер гимназиясының оқушысы Нипрук Инна «В провинцин одной Афганстан» , №5 мектептің оқушысы Асылбекова Ақниет «Ұрпаққа аманат», №15 қазақ мектеп – гимназияның оқушысы Берикбаев Дінмұхамед «Ауғанның отты жылдары» атты өлең шумақтарын ерекше бір сезімнің әсерімен әсерлене оқып беріп көрермендердің көңілінен шықты.

№ 6 мектептің оқушылары Сергеев Андрей мен Туракулов Шахрух гитараның сүйемелдеуімен «Афганистан» , №12 мектептің оқушылары «Слава погибшим сыновьям, слава прошедшим тот Афган» атты әндерін орындап көрермендердің қошаметіне бөленді. Қалалық гимназияның оқушылары «Вальс фронтовой сестры» ерекше биімен көңілді толғандырып, әсерге бөледі.

«Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» – дегендей кешіміздің соңында «Ауған ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің хатшысы Седухина Светлане Викторовна оқушыларға өз алғысын білдіріп, ауған ардагерлеріне өзінің жүрек жарды лебізін айтып, батырлық пен батылдық, ерлік пен ерен еңбек тек халық пен Отан үшін жасалатын игі іс екеніне кеңінен тоқталып өтті.

Кештің соңында барлық белсене қатысқан оқушылар мадақтама қағаздармен марапатталды. Оқушыларды байқауға дайындаған мұғалімдер де мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Балалар мен жастар қозғалысының орталығының әдіскері: Кунтуган К.