Ауғанның отты жылдары

2019 жылғы 22 ақпанда «Теміртау қаласы жастар ресурсты орталығы» КММ мен «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 30 жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары» атты әдеби – кеш өтті.

Ауғаныстанның соғыс даласында болып, ел абыройын қорғауға атсалысып, интернационалдық борышын адал атқарған жауынгерлеріміздің ерлік істері жөнінде түсініктерін қалыптастырып, әрбір оқушыға өз Отанын қорғау-қасиетті борышы екендігін ұғындыру бұл кештегі басты мақсатымыз болды. Бұл әдеби кешке Теміртау қаласы мен Ақтау кентінен келген 17 мектептің «Жас Ұлан» отрядтарының мүшелері белсене қатысып, өз өнерлерімен көрерменнің көңілінен шықты.

Әдеби – кешке «Ауған ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бисолтанов Еркин Каукенович  және ардадер- интернационолисттер Мамаев Юрий Иванович, Шеров Уринбек Сарсенбаевич, Полин Виктор Сергеевич, Саганаев Серик Муратович арнайы шақырылды.

Кештің сәнін келтіріп, ән мен жырды тебіренте орындаған  «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерінің өнеріне келген қонақтарымыз іштей риза болып, өз алғыстарын білдірді.

Атап өтсек, №2 ЖББОМ оқушылары «Сапқа тұр» атты әнімен кештің шымылдығын ашса, №8ЖББОМ оқушысы  Бұхарбай Аружан «Жауынгер хаты» өлеңімен тебірене жырлады. Сонымен қатар, №27 ЖББОМ оқушысы Иванов Кирилл,  №10 ЖББОМ оқушысы Камбарбекова Кәусар,  №31 ЖББОМ оқушылары, №16 ЖББОМ оқушысы Дрёмова Милена, №6 ЖББОМ оқушылары Поливка Полина, Андрюсенко Виктория, №20 мектеп – лицейінің оқушысы Нуртазин Медеу музыкамен тербеле ән салып, ән әлемінің әсерін жүрекке жеткізіп, жыр шумақтарын тебірене оқып көңіл – күйге ерекше сезім ұялатып кештің сәні мен мәнін келтірді десек артық болмас.

Ауған соғысы жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер. Ержүрек батырларымызға мың да бір рахмет! Мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеу біздің міндетіміз екенін осы кешке қатысушылардың барлығы кеңінен түсіне алды. Бұл кеште «Ровесник» театрының тәрбиеленушілері де ауған соғысынан естелік ретінде сахналық көрініс көрсетіп, «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамбілінің тәрбиеленушілері «Балбырауын» биін билеп  белсене атсалысты.

Шараға белсене қатысқан барлық  оқушылар мен ұстаздарға «Теміртау қаласы жастар ресурсты орталығы» КММ мадақтама қағаздар мен сыйлықтар табыстады.

Балалар мен жастар қозғалысы орталығының әдіскері: Кунтуган К.