Ауған ауасында от кешкендер

2018 жылғы 21 ақпанда «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 29 жыл толуына орай «Бұл біздің соғыс…» атты әдеби – кеш өтті.

Ауғаныстанның соғыс даласында болып, ел абыройын қорғауға атсалысып, интернационалдық борышын адал атқарған жауынгерлеріміздің ерлік істері жөнінде түсініктерін қалыптастырып, әрбір оқушыға өз Отанын қорғау-қасиетті борышы екендігін ұғындыру бұл кештегі басты мақсатымыз болды. Олай болса, бұл әдеби кешке Теміртау қаласы мен Ақтау кентінен барлығы 16 мектептің «Жас Ұлан» отрядтарының мүшелері белсене қатысып, өз өнерлерімен көрерменнің көңілінен шықты.

Бұл әдеби – кештің қонағы болып Теміртау қаласының білім бөлімінің басшысы Әшім Есентай Мукатаевич пен тәрбие жөніндегі әдіскер Хамиева Карлыгаш Кайыржановна қатысты.
Сонымен қатар, «Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» – деп Бауыржан Момышұлы айтқандай бұл кештің қадірменді қонақтары, ауған соғысының ардагерлері Остапенко Александр Александрович, Шеров Уринбек Сарсенбаевич, Мамаев Юрий Иванович және «Ауған ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бисолтанов Еркин Каукенович пен «Ауған ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің хатшысы Седухина Светлане Викторовна болды.

«Отан – өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу» – деп Ахмет Байтұрсынұлы бабамыз айтқандай осы кештің сәнін келтіріп, ән мен жырды төге толғаған әрбір мектептен келген «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерінің өнеріне келген қонақтарымыз іштей риза болып, өз алғыстарын білдірді.

Атап өтсек, №24 ЖББОМ оқушысы Тарасова Маргарита «Я хочу чтобы не было войны» атты әнімен кештің шымылдығын ашса, №17 ЖББОМ оқушыларынан құрылған «Жалын» тобы «Стану я военным» атты әнін шарықтап шырқап, №8 ЖББОМ оқушысы Сапарбекова Нұрәсем «Ауған ауыр аманат» атты өлеңімен тебірене жырлады. Сонымен қатар №9 мектеп – лицейінен келген Дөненбай Анель «Ауған соғысына арналады» атты өздері шығарған әнді орындады, № 20 мектеп – лицейінің оқушысы Смирнова Полина «Это наша война» атты өлеңді өз нақышына келтіріп оқыды. №10 ЖББОМ оқушысы Талгатбекова Дильнара, №28 ЖББОМ оқушысы Газецкая Валерия, №16 ЖББОМ оқушысы Дремова Милена, №21 ЖББОМ оқушысы Ринг Надежда, №11 ЖББОМ оқушысы Отькало Елизавета, №23 ЖББОМ оқушысы Аношина Анастасия, №14 мектеп – лицейінің оқушысы Шнайдер Виолетта, Әйелдер гимназиясының оқушысы Чеверда Дарья, №6 ЖББОМ оқушысы Андрюсенко Викториялар музыкамен тербеле ән салып, ән әлемінің әсерін жүрекке жеткізіп, жыр шумақтарын тебірене оқып көңіл – күйге ерекше сезім ұялатып кештің сәні мен мәнін келтірді десек артық болмас.

Ауған соғысы жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер. Ержүрек батырларымызға мың да бір рахмет! Мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеу біздің міндетіміз екенін осы кешке қатысушылардың барлығы кеңінен түсіне алды. Бұл кеште «Ровесник» театрының тәрбиеленушілері де ауған соғысынан естелік ретінде сахналық көрініс көрсетіп, белсене атсалысты.
«Гармония» үйірмесінің тәрбиеленушілері қонақтарға арнайы өз қолдарынан сыйлықтар жасап тапсырды.
Бұл кеште белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздар мадақтама қағаздармен марапатталды.

Балалар мен жастар қозғалысы орталығының әдіскері: Кунтуган К.