2019 жылдың 2 наурыздан – 7 наурызы аралығында «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында
«Аяулы анашым» атты шығарма байқауы өтті.
Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз.
Бұл шығарма байқауының негізіг мақсаты осы дүниенің нұрын көрсетіп, алақандарына салып аялаған аяулы аналарымыз туралы насихаттап, жасөпірімдердің ата-ана алдындағы міндеттері туралы түсінік беру. Бойларына жақсы қасиеттерді қалыптастырып, шығармашылық қабілеті мен ізденістерін жан – жақты дамыту.
Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя болып табылады. Олай болса, бұл шығарма байқауына Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мектептерінің «Жас Ұлан» ұйымы мен «Жас Қыран» ұйымының мүшелерінен 56 оқушы белсене ат салысты.
«Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі» – деп дана бабаларымыз айтқандай бұл байқауға қатысқан әр баланың анаға деген махаббатының зор екендігі байқалды. Анасыз – өмірдің мәні мағынасы жоқ екенін әр баланың жүрегіннен шыққан сөздер дәлелдеді. Байқауға арнай әділ – қазылар тағайындалды. Әр қатысушының шығармаларын талқылап, әділ бағалар қойылды.
Байқаудың қорытындысында І орынды « №2 ЖББОМ» 3 «А» сынып оқушысы Пайдалиев Мухаммеджан, «№15 ҚМГ» 2 «Б» сынып оқушысы
Жанболат Балауса, « №5ҚОМ» 2 «А» сынып оқушысы Сабыр Айнар,«№31
ЖББОМ» 7 «А» сынып оқушысы Орынбасарова Аружан, «№1 қалалық гимназия» 6 «В» сынып оқушысы Тастубаева Аймира, « №19 ЖББОМ»
6«А» сынып оқушысы Щур Дарья, « №20 М – Л» 6 «В» сынып оқушысы
Пиотковская Алина жеңіп алды. ІІ орынды « №15 ҚМГ» 2 «А» сынып
оқушысы Кулмесхан Жансая, « №5 ҚОМ» КММ 2 «А» сынып оқушысы
Қайратова Шұғыла, « №15 ҚМГ» 4 «Ә» сынып оқушысы Алиева Ақниет,
«№28 ЖББОМ» 3 «А» сынып оқушысы Батыр Нуртілек, «№2 ЖББОМ» 3«Г» сынып оқушысы Муратбекова Гүлназ, «№2 ЖББОМ» 1«Б»сынып оқушысы Сагындыков Жантилеу, «№1 қалалық гимназия» 4 «Б» сынып
оқушысы Винокуров Руслан, «№31 ЖББОМ» КММ 5 «В» сынып оқушысы Бодрова Валерия, «№27 ЖББОМ» 7 «В» сынып оқушысы Васильченко Карина, « №2 ЖББОМ» КММ 7 «А» сынып оқушысы Байдулаева Расима, «Әйелдер гимназиясы» 7 «Б» сынып оқушысы Галашева Варвара, « №21 ЖББОМ» КММ 6 «Б» сынып оқушысы Сагадеева Карина қанжығалады. Ал қалған қатысушылар ІІІ орын иеленді және белсене қатысқандары үшін «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтау қағаздарымен марапатталды.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.
Милая мама
Мама. Самое прекрасное слово на земле! Это первое слово которое произносит человек, и звучит оно на всех языках одинаково нежно и по-своему тепло. У мамы самые добрые, умелые и ласковые руки, они умеют всё! Порой и не понимаешь, есть ли границы маминых умений и способностей? У мамы самое доброе, верное и чуткое сердце. В нем никогда, никогда не погаснет любовь к нам – детям. Пусть вы будете взрослый, состоявшийся человек, мама, взглянув на вас вспомнит вашу первую встречу, эти милые глазки, маленькие ручки, пальчики, крохотное и хрупкое тельце. Сколько воспоминаний хранит мама, сколько ты и представить не можешь!!!
Мою маму зовут Жанна. Она, самый близкий для меня человек. Не только потому, что я, как и большинство людей, совершенно по-детски, преданно люблю свою мать. Это, несомненно тоже, но сближает меня с мамой другое чувство, а именно – бесконечная благодарность за все то, что она мне дала. Моя мама очень добрая, хорошо ладит с людьми, все её уважают и любят. Она всегда поможет советом, всему научит и будет любить меня такой, какая я есть.
Материнство, по-моему, – это способность быть не только по крови, но и по духу близкими. Примером этого, я считаю, свои взаимоотношения с мамой: что бы не происходило, как бы не оборачивалась судьба, она всегда умеет найти несколько, с одной стороны простых, но в то же время так согревающих душу слов или дать мудрый совет, чтобы поддержать меня.
Мы вместе радуемся моим заслугам, вместе огорчаемся неудачам. Эта совокупность эмоций настолько крепка, что я даже не представляю себя отдельно от матери. Та любовь, та нежность и забота, в которую вкладывают в малышей родители, навеки делает детей их продолжением, продолжением их истории.
Многие знают фразу о том, что незаменимых людей не бывает. Так вот в случае с материнством эта фраза абсолютно не уместна. Никем и никогда мать не заменить.
Вы замечали когда-нибудь, что когда человеку трудно, то он вслух или мысленно произносит волшебное слово мама? Потому что с младенческих лет знает – мать всегда придет на помощь.
Редкий мужчина может понять сколько сил отдает мать в ребенка, сколько волнуется, беспокоится. Сколько слез счастья проливается. Отец, конечно, может вырастить из ребенка гения, но только мать вырастит из него хорошего человека, органично сочетающего душевные и физические способности.
Хочу, чтобы моя мама никогда не огорчалась, всегда была веселой, а её глаза светились от радости. Каждая мама достойна искренних слов. Как жаль, что мы не думаем когда говорим, что поступками и простыми колкими фразами мы можем их обидеть. Нам стоит чаще задумываться о том, как не ранить верные сердца мам. Чем мы старше становимся, тем больше вы – мамы, нуждаетесь в нашем внимании, любви и заботе.
Сколько бы вас мама не бранила, это не просто так! Мама учит вас! Вы должны понять, что мамы не испытывают от этого удовольствие, как думают большинство детей. Они огорчаются в нас. Они не могут поверить в то, что вы совершили. Выплеск эмоций. Не давайте матерям повода для огорчений.
Если вас мама попросила помочь, к примеру, в использовании телефона, не срывайся, не ленись и спокойно объясни. Помни, что мама когда-то вас научила держать ложку, носила под сердцем, отдавала последнее.
Мамы достойны уважения и любви!!!
Спасибо, Мама!
Спасибо, за все, что ты сделала мама,
Спасибо, за то, что меня обрела.
За то, что ты мне всегда помогала
За счастье, которое мне отдала.
Как хорошо, когда есть Мама!
Твоя опора, лучший друг!
Когда всегда она есть с нами
На помощь нам приходит вдруг.
Спасибо, просто, за то, что ты есть!
Прощенья прошу за все драмы,
Ты гордость моя! Моя честь!
Жизнь не представишь без мамы!
КГУ «Гимназия №1»
Автор стихотворения: Тастубаева Аймира. 6 «В»
Аяулы анашым
«Ана» әрбір адамның жарық дүниедегі ең асылы,ардақтысы, жанашыры, қамқоршысы.Анамды қалай жақсы көретінімді айтып жеткізе алмаймын.
Ана…Естіген құлақты елең еткізіп көңілге жайбарақат сезім сыйлайтын ұлы сөз.Әр балаға ана керек екенін білесіздер ғой. Анам менің асыл жан. Алыста жүрсем дауысын сағынамын.«Бүкіл әлем бір төбе,ал анамыз бізге бір төбе» екенін білеміз.Ана деген сөздің естілуі бір бөлек,ана деп айтылуы бір бөлек, ал ананың жылуын сезіну,ол ештеңеге тең келмейтін бөлек сезім. Біздің бойымыздағы бар қасиет,ананың ақ сүтімен келеді екен.Ана бізге мейірімділікті,жылулықты үйретіп,дұрыс бағытқа сілтеп,қартайған кезіне дейін,бізді көңілінде бала қалпында сақтайды.Біздер үшін түн ұйқысын төрт бөліп,біз ауырсақ жанымыздан табылады.Бауыр етім балам деп бізді ішсін, жесін деп тәттілерін бізге беріп,ержеткізіп мәпелеп өсіреді.
Бізді осы дүниеге әкеліп бар жылуын сыйлаған анамызға бүкіл әлемнің жақсылығы да аз болатын сияқты.Тәй-тәй басқан күннен бастап тәрбиемен сусындатып,бар жақсылықты тілейтін де ана. Ана мен үшін жер бетіндегі ең құрметті ардақты жан.Менің әрбір қателігімді кешіріп,тек дұрыс бағыт көрсетіп отыратын қамқоршым ең адал досым.
Әр ана баласының ешкімнен кем қылмай ақылды және тәртіпті болып өскенін қалайды.Отбасымда анам бізге үлкенді сыйла,кішіге қамқор бол деп үйретуден жалықпайтын жан.Менің ойымша ана махаббаты әлемді сүюді, қоршаған ортаны құрметтеуді үйретеді. Қай кезде болсын,қандай жағдайда болсын бала ең бірінші жылылықты,мейірімділікті ананың жанынан іздейді. Мен сабақтан үйге келгенде есікті ашып анам қайда деп сұраймын. Үйде болса емін-еркін жадырап кіремін.Егер үйде болмаса қайда кетті екен деп жабырқап қаламын. Барлық балалар да анасын мен сияқты іздейді деп ойлаймын. Ананың біздерді тартатын жылуы ерекше екенін сеземін.Өсе келе, мен дұрыс ақыл-кеңестерді ана ғана бере алатынын түсіндім.Аналар жайлы, қаншама өлең,қаншама әңгіме,қаншама ән арнасақта аз сияқты.
Аналарымыздың шексіз қадір-қасиетін сипаттауға ешқандай құдірет жетпейді.Ананы сыйлау керек,құрметтеу керек.Өйткені бізді жарық дүниеге алып келген анамыз.Әлемде ата-анадан асқан ардақты жан жоқ. Ата-анамыз өмірдегі шамшырағымыз.
Ардақты, аяулы аналарымыз, біздің бақытымызға аман болсын! Әсіресе сіздің балам сені қатты жақсы көремін деген сөзіңіз, мені қатты қуантады. Көктем келді. 8-наурыз аналар мерекесінде анашыма мықты денсаулық,ұзақ өмір,біздерді қуантып жүре беріңіз. Мерекеңіз құтты болсын!
Барлық аналарды мерекесімен құттықтаймын! Еліміз тыныш болып,балалар анасынан ажырамасын.Ананың жүрегі ауырмасын,баланың жүрегі қуанышқа толсын. Анама арнап өз өлеңімді жолдаймын.
Асыл анам.
Әлпештеп мені өсірген,
Қателігімді кешірген.
Тәрбие беріп санама,
Жол сілтеген анашым.
Мейірім тамып жүзінен,
Мақтан етем анамды.
Шуақ шашып жаныма,
Ой қосатын ойыма.
Жұбататын жанымды,
Ардақтаймын анамды.
Бақытына балаңның,
Аман жүрші, анашым.
Шаттаныңыз күліңіз,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Мерекесі ананың
Жадырасын жүзіңіз!
«№2ЖББОМ» КММ 3 «А» сынып оқушысы Паидалиев Мухаммеджан