Балалардың қауіпсіздігі біздің қолымызда!

“Балалардың қауіпсіздігі біздің қолымызда! ” Балалардың ең көп тараған қателері:

1. Балалардың 85 % ата-аналарының телефон нөмірлерін жатқа білмейді

2. Балалардың 75% бір адамды екінші рет көрсе, оны таныс деп ойлайды

3. Балалардың 80% қылмыскер әрдайым қара маскада және тапаншамен жүреді деп ойлайды

4. Балалардың 70% үй подъезді мен ағаш бұтақтарының арасын қауіпсіз деп ойлайды

5. Балалардың 90% бөтен адамға оның мысығын немесе баласын іздеуге көмектеседі

6. Балалардың 75% көршіге, әкесінің немесе анасының досына есікті бірден ашады

Баланы өзін қорғауға үйретуге болады және үйрету керек!