Берекелі алтын күз

«Әлем» БЖШО» КМҚК «Балдырған» тұлғаны дамыту үйірмесінде

«Берекелі алтын күз» атты  ертеңгілік  өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту, күз мезгілінің берекесі туралы балаларға түсінік беріп, оларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Мерекелік жиында  балалар ән шырқап, күз туралы тақпақ айтып, әр түрлі ойындар ойнап,  «Жапырақтар» биін билеп өз өнерлерін көрсетті.