2018 жылғы 5 сәуір күні Қарағанды облысында ұйымдастырылған «Дарынды балаларға –талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық іріктеу турына әділқазылар алқасының құрамына арнайы шақыру алып «Әлем» балалар–жасөспірімдер орталығының психологі Ходарева Ирина Михайловна мен балалар – жастар қозғалысы бойынша әдіскер Кунтуган Гулжан қатысып келді.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – педагогтер мен тәлімгерлердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Бұл байқауға Қарағанды төңірегіндегі қалалар мен аудандардан 33 педагог белсене атсалысты.
«Мұғалімнің ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» – деген ұлы даналарымыз. Олай болса, бұл облыстық іріктеу турында педагогтер мен педагог-психологтар, тәлімгерлер өздерінің жан – жақты кәсіби шеберліктерін танытып, шығармашылықтарымен бөлісіп, заманауи технологиялар мен ақпараттық бағдарламаларды қалай пайдаланып, іске асырып жатқандарын жан – жақты талқылап өтті.
«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» – дегендей әр қатысушы педагог, психолог, тәлімгерлер үшін бұл байқаудың берері көп. Әр адамның тәжірибесімен танысып, сараптап ой бөлісу бүгінгі біздің қоғамда маңызы зор деп ойлаймын.
Білім мен тәрбиенің ұштастырып кәсіби құзіреттіліктерін қалыптасырып, осындай үлкен байқауларға батылдықпен атсалысқан әріптестерімізге тек қана шығармашылық табыс тілейміз.
Байқаудың соңында барлық қатысушыларына «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының І,ІІ,ІІ дәрежелі дипломдары мен сертификаттар табысталды.
Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.