«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында қала мектептерінің бастауыш сынып оқушыларының арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің-25 жылдығына орай «Ертегілер еліне саяхат» атты қалалық байқау болып өтті.
Мемлекеттік тілді насихаттай отырып, жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамытуды көздеген байқауға «№1 ЖББОМ» КММ, «№19 ЖББОМ» КММ, «№27 ЖББОМ» КММ, «№31 ЖББОМ» КММ, «№5 ҚОМ» КММ, «№21 ЖББОМ» КММ мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қатысып, қазақ тілінде ертегілер кейіпкерлерін сомдап, өнер көрсетті.
Кішкентай өнерпаздарды Теміртау қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту орталығының маманы Рымгалиева Куралай Рымгалиевна, «Мирас» вокалды-аспаптық ансамблінің жетекшісі Шаймерденова Құралай Жунусовна, «Мирас» вокалды-аспаптық ансамблінің педогогі Әбдірахман Қаламқас Бауыржанқызы таразылады.
Қортындысында «Бас жүлде» «Мұрагер» ертегісін көрсеткен « Бүлдіршіндер» тобына («№19 ЖББОМ»КММ) бұйырса, І орынды «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен «Сұңқар» тобы («№27 ЖББОМ»КММ ), «Ғажайып бақ» ертегісімен «Бүлдіршіндер» тобы («№5ҚОМ»КММ), ІІ орынды «Толағай » ертегісімен «Қазақстан» тобы («№1ЖББОМ» КММ), ІІІ орынды «Аңқау қасқыр» ертегісімен «Балдырған тобы» («№31 ЖББОМ»КММ), «Бауырсақ» ертегісімен «Алғырлар» тобы («№21 ЖББОМ»КММ ) иеленді.
Шара барысында «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамбілі, «Мирас» вокалды-аспапты ансамблінің өнерпаздары ән айтып, би билеп көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Байқауға қатысқан барлық топтар және оқушыларды дайындаған мұғалімдер «Теміртау қаласы білім беру бөлімі» ММ мен «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ботагөз Бельгибаева