Ең үздік жаңа жылдық костюм

22 желтоқсанда «Жас Қыран» ұйымы мүшелері арасында «Ең үздік жаңа жылдық костюм» байқауы өтті. Бұл байқауға Теміртау қаласы және Ақтау кенті мектептерінен 16 бала қатысты. Олар өздерінің таланттарын, костюмдерінің ерекшеліктерін жан-жақты көрсете білді. Байқау қатысушылары “Әлем” балалар-жасөспірімдер орталығының арнайы дайындаған сыйлықтары мен мадақтамаларымен марапатталды. Алда келе жатқан 2024 жыл-Ұлу жылы елімізге табысты, ырысты, құтты жыл болсын!🎄🐌⛄️