Жаз — балалар үшін ең сүйікті мезгілдердің бірі

Жаз — балалар үшін ең сүйікті мезгілдердің бірі. “Балдырған” тұлғаны дамыту үйірмесінің балалары жазғы демалысты қуанышпен қарсы алды. Орталыққа келіп, жаңа достар тауып, әртүрлі ойындар ойнап, сурет салып, ән айтып, би билеп уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізуде.