Жасұландар күні – патриоттықтың үні

2017 жылғы 3  мамыр  күні Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мектептерінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен «Жасұландар күніне» орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының  қатарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Бұл іс – шараның негізігі мақсаты: «Жасұландар күні»  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Руханини жаңғыру» мақаласы негізге ала отыры,  өскелең ұрпақ бойына Елбасы тілге тиек еткен ұлттың «Туған жерге туыңды тік» деген аманат сөзді түсіндіріп, шыңдауға бағытталған.

«Жас Ұлан» ұймының мүшелері береке – бірілікті сақтап, болашаққа нақты қадаммен аттап, өздерін көрсете білетін жігерлі балалар.

Теміртау қаласы мен Ақтау кентінен «Жас Ұлан» ұйымының қатарына №24 ЖББОМ   бастауыш сынып бітіретін оқушылардан  95 мүше қабылдаса, №14 мектеп – лицейі «Жас Қыран» ұйымының қатарына  76 оқушы және

№1 ЖББОМ  41оқушымен толықтырып ерекше көзге түсті.

Осы  «Жас Ұлан» ұйымына қала метептерінен: №2ЖББОМ, №4 ЖББОМ, №11 ЖББОМ,  №19 ЖББОМ, №22 ЖББОМ, №28 ЖББОМ  жаңа мүшелерді қатарға қосты. Қала бойынша «Жас Ұлан» ұйымының қатары 157 оқушымен толықты. Ал №28 ЖББОМ, №29 ЖББОМ «Жас Қыран» ұйымының қатарын толықтырды. «Жас Қыран» ұйымының қатарына 147 оқушы қабылданды. Жалпы қала бойынша  «Жас Ұлан» ұйымында 2396  оқушы.  «Жас Қыран» ұйымында 356 мүше бар.

Қоғамдық өмірде, тұрмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінетін. Сонымен қатар  туған елін шексіз сүйетін  «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қосылған оқушыларға тілеріміз еліміздің еңселі де білімді азаматтары мен азаматшалары болыңыздар!

Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.