«Жас Ұлан» ұйымы – патриоттықтың жас буыны

2017 жылғы 15 желтоқсан күні Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мектептерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі өтті.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар!»-деген сөзі жастарға сеніммен қоса үлкен міндеттер жүктейді. Осыған орай Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мектептерінен «Жас Ұлан» ұйымының қатарына 235 оқушы қосылды. Ал «Жас Қыран» ұйымының қатарына 240 жаңа мүше қабылданды.


Жастар, жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Болашақтың жемісін бүгіннен баптау, оларға дұрыс бағыт беру баршамыздың негізгі мақсатымыз.
Олай болса, қала бойынша «Жас Қыран » ұйымының қатарына «№ 31 ЖББОМ» КММ бастауыш сыныптар арасынан 43 мүше қабылданса, «№17ЖББОМ» КММ «Жас Қыран» ұйымының қатарына 23 бала, ал «Жас Ұлан» ұйымының қатарына 53 оқушы және «№5 ҚОМ» КММ «Жас Қыран» ұйымының қатарына 37 жаңа мүше қосты. «Жас Ұлан» ұйымын 23 оқушымен толықтырып ерекше көзге түсті. Сонымен қатар, «№ 1 ЖББОМ» КММ, «№2ЖББОМ» КММ, «№4 ЖББОМ»КММ, «№7 ЖББОМ» КММ, «№8 ЖББОМ»КММ, «№ 9 мектеп – лмцейі» КММ, «№11 ЖББОМ» КММ, «№14 мектеп – лицейі» КММ, «№ 15 қазақ мектеп – гимназиясы» КММ, «№22 ЖББОМ» КММ, «№32 ЖББОМ» КММ, «№ 1 қалалық гимназия» КММ жаңа мүшелер қабылдады.

Жалпы қала бойынша «Жас Ұлан» ұйымында 2048 оқушы бар. «Жас Қыран» ұйымында 500 мүше бар.
«Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері – әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
Ендеше, «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымының қатарына қосылған мүшелерге тек сәттілік тілейміз.

Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.