Жеңіс туы желбіре

2019 жылы  30 сәуірден 03 мамыр аралығында МКҚК «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында  Теміртау қаласының «Жас Қыран» отрядтары 2-4 сынып оқушыларының  арасында  Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында  «Жеңіс туы желбіре» атты сурет байқауы өтті.

Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Ардагерлерді құрметтеу, патриоттық тәрбие беру және өз елін, жерін қастерлей отырып,  ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктерін  ұмытпауды насихаттау.

Бұл сурет байқауына  қаламыздың  №1-ЖББОМ,  №2-ЖББОМ, №5-ҚОМ, №6-ЖББОМ, №8-ЖББОМ, №14- М-Л, №15-ҚМГ, №21-ЖББОМ, №22-ЖББОМ, №23-ЖББОМ,  №27-ЖББОМ, №29-ЖББОМ, №31-ЖББОМ және әйелдер гимназиясынан  барлығы 34 оқушы қатысты.

Жүлделі бірінші орынды №15-ҚМГ-ның  оқушысы Махсатова Марина, әйелдер гимназиясынан Нурханова  Алина, №22-ЖББОМ-нің оқушысы Куксенко Виктория, №5 ҚОМ-нің оқушысы Исаинова Жибек, №23 ЖББОМ-нің оқушысы Сарсенова Айым, №27 ЖББОМ-нің оқушысы Валеев Артур, №31 ЖББОМ-нің оқушысы Киришева Мария, №1 ЖББОМ-нің оқушысы Касенова Алина, №21 ЖББОМ-нің оқушысы Гончарова Алена иеленсе, қалған оқушылар екінші  және үшінші орындарды қанжығалады.

Бүгінгі күннің жас қырандары  өткен тарихымызбен сырласып, елінің ертеңінен үміт үзбей бейбітшілік өмірдің  туын тіккен ата – бабаларымызға деген алғысын осы байқауда әр оқушы   сурет салу арқылы  бейнелеп көрсетті.

Бұл байқауға қатысқан қатысушыларды «Әлем» БЖО» МКҚК мақтау қағаздарымен марапаттады.

 

Балалар мен жастар қозғалысы  орталығының әдіскері: Кунтуган К.