«Зерде» - «Рәміздерім- мақтанышым» атты тәрбие сағаты өтті

«Зерде» бастауыш сынып оқушыларына арналған дамыту үйірмесінде 4-маусым Қазақстан Республикасының рәміздері күні қарсаңында «Рәміздерім- мақтанышым» атты тәрбие сағаты өтті. Шара Теміртау қаласы «Шығыс» саябағындағы қысқы бақта ұйымдастырылды. Шара барысында тәрбиеленушілер рәміздер туралы викториналық сұрақтарға жарыса жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Шарадан кейін балаларға саябақты тегін аралауға мүмкіндік бергендері үшін Теміртау қаласындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағы  КМҚК әкімшілігіне және әдіскер Кравченко Светлана Анатольевнаға алғыс айтамыз/