«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығының «Керемет» әдеби студиясының тәрбиеленушілері (жетекшісі Б.К.Мамитова) Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі ұйымдастырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу және жасөспірімдердің шығармашылық, интеллектуалдық деңгейін көтеру мақсатында өткізілген «Колледж кубогі» Жайдарман фестивалінде өнер көрсетті. Аталмыш шара 2018 жылдың 19-сәуірінде Саран қаласында өтті. «Кереметтің» жайдарманшылары жүлделі ІІІ орынды қанжығаларына байласа,жайдарманшы қызымыз Сермаханова Айниса «Үздік ханшайым» номинациясын жеңіп алды. «Керемет» әдеби студиясын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!