«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2018» байқауы

2018 жылғы 23 қарашада «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында қала мектептерінің бастауыш сынып қыз балаларының арасында, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Күз ханшайымы-2018» атты қалалық байқауы болып өтті.
Байқауға қаламыздың 13 мектебінен келген кішкентай ханшайымдар өзара сайысқа түсті.
Байқау 4 кезең бойынша өтті. Бірінші «Сәлеметсіздер ме, бұл мен !» кезеңінде қатысушылар өздерін әр түрлі жанрда таныстырды. Екінші «Бірегей талант» кезеңінде сайыскерлер жұртшылыққа өз өнерін паш етті. Сайыстың үшінші «Күзгі әуен» сән үлгісі кезеңінде алуан түрлі материалдарды пайдаланып, сән үлгісін көрсетті. Төртінші «Күз – менің шабытым» кезеңінде табиғи материалдардан жасалған қол өнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Түрлі әшекейлермен сәнденіп, әдемі көйлек киген балауса балғындарды сахна төрінен көргенде еріксізден есіңе ертегілер ханшайымы оралады. Өздерінің өнері мен шеберлігін, ақылдылығы мен тапқырлықтарын, сән үлгісін көрсетіп өзара бақ сынасқан сайыскерлерді Теміртау қаласы мәдени және демалыс саябағының әдіскері Кравченко Светлана Анатольевна, «Әлем» БЖО мемлекеттік тілді дамыту мен насихатау жөніндегі әдіскер Ибраева Асем Сабитовна, «Әлем» БЖО жастар мен балалар қозғалысы жұмысының әдіскері Конакбаева Галия Таубаевна, «Бэби -шлягер» үлгілі балалар эстрадалық студиясының жетекшісі Помазай Олеся Анатольевна таразылады.

Әділқазылар алқасы шешімдерін қабылдағанша, «Мирас» вокал-аспаптық ансамблі, «Миркл» эстрадалық ән театрының өнерпаздары ән айтып, би билеп көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өнерлерімен тәнті етті.
Байқаудың қорытындысында «Бас жүлде» «№4 ҚОМ» КММ оқушысы Смагулова Жансаяға, І орын «№8 ҚОМ» КММ оқушысы Серикқызы Аидаға, ІІ орын «№1 ҚОМ» КММ оқушысы Дюсембаева Наргиз бен «№15 ҚМГ» КММ оқушысы Маратова Маликаға, ІІІ орын «Әйелдер гимназиясы» КММ оқушысы Аксенова Ульянаға бұйырды. Қалған қатысушылар «Өнерлі ханшайым», «Шебер ханшайым», «Сүйкімді ханшайым», «Көрікті ханшайым», «Ажарлы ханшайым», «Ақжарқын ханшайым», «Талапты ханшайым», «Аяулы ханшайым» номинацияларына ие болды. Байқауға оқушы дайындаған мұғалімдер мен барлық ханшайымдарға «Теміртау қаласы білім беру бөлімі» ММ және «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

«Әлем» БЖО МКҚК
мәдени-бұқаралық бөлім меңгерушісі
Бельгибаева Б.Т.